Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Назира Бурханова: "Гүлдің де жаны бар"

Назира Бурханова: "Гүлдің де жаны бар"

Назира Бурханова:

Массагет оқырмандарына блогшы, "Гүлстан" журналының журналисі Назира Бурхановамен болған сұхбатты ұсынамыз.

- Назира блог әлемінен көрінбей кеттіңіз? Неге?

- Қазірде ақпараттық кеңістіктің дамуынан блог жазу сәнге айналды десе де болады. Сәйкесінше, қазақтілді контент біршама байып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Сапалы жазбалар көбеюде. Шыны керек, бастапқы кездері мен блог жүргізудің не екенін толық түсінбесем де, блог жүргіздім. Ол кезде лирикаға беріліп, көбінесе романтикалық тақырыптарда қалам тербейтін едім. Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар. Біреуді жақсы көру, сүю, сүйікті болу өте жақсы қасиет. Бірақ, оны жалпақ жұртқа жариялаудың қажеті шамалы екенін түсіндім... Кезінде жазылған біршама жазбаларым үшін опық жеген кездерім аз болған жоқ. Сол үшін романтикалық бағытта блог жазуды тоқтаттым. Бұдан былай, өзімнің жаныма жақын, баршаға пайдасы тиетін саланың бірі жасыл әлем дүниесі, ландшафты дизайн, флористика сияқты тақырыптарда блог жазатын боламын.

- Біраз уақыттан бері «Гүлстан» журналында қызмет етіп келе жатырсыз. Жаңа қызмет сізге не берді?

- Гүлстанды мен үлкен бір мектеп деп айтар едім. Тіпті, университет бере алмаған көп нәрсені жұмысымның арқасында үйрендім. Менің ойымша, қандай жоғарғы оқу орны болмасын, онда тек теориялық білім ғана беріледі, ал кітаби білімді практикамен ұштастыра білу әркімнің қолынан келмесі анық. Себебі, мен басылымда жұмыс істеу барысында журналистикамен қатар, көгалдандыру, ландшафты дизайн саласы бойынша азды-көпті тәжірибе жинадым. Менің негізгі мамандығым - лингвист. Алғашқы кезде өндірістік тәжірибе үшін келгенмін, содан жұмысқа қабылдандым. Гүл өсіруге, оны күтіп-баптауға, олар жайында жан-жақты ақпарат білуге қатты құмартамын. Сол үшін де осы салада жазатын журналист болып жүрмін. Бізде жоғары оқу орнын бітірген көптеген маманға жұмыс табыла бермейді. Қалам көтеріп, жұлдыздардан сұхбат алып, жеңіл тақырыпта мақала жазып журналист болғысы келетіндер жетерлік. Өкініштісі, өсімдіктер жайында жазатын қазақтілді журналист мүлде жоқ деуге болады.

- Журналыңыз осы жылы 7 жасқа толады. Осы уақыт ішінде қандай жобалар іске асып үлгерді?

- Жеті жыл ішінде бірнеше жобалар бойынша жұмыс жасадық, осы сала бойынша жетістіктеріміз де жоқ емес. Басылым жасыл желек өсіру, оны күтіп – баптау, гүл мәдениетін дамыту, ландшафтық дизайн, табиғатты қорғау және экологиялық бағытта жұмыс жасауда. Біз журнал ашылғалы бері көптеген танымдық шара ұйымдастырумен қатар, онлайн режимінде сабақ өткіземіз. Журналда түрлі өсімдіктердің төрт мезгілдегі күтімі, тәжірибелі гүл мамандарының кеңестері мен қызықты ақпараттар, тартымды айдарлар жарық көреді. Журнал бұрын 32 бет болып, ай сайын шығатын еді. Былтырғы жылдан бастап, журнал 48 беттік көлемде жылына 4 рет жарық көретін болды. Сонымен қатар, оқырмандардың сұранысын ескере келіп, өсімдікпен қатар, зоология, орнитология, кинология сияқты салаларды да қамитын болдық. Бұрындары журнал арқылы балаға арналған материалдарды көбірек жазатынбыз. Ал былтырғы жылдан бастап, балаға арналған жеке топтама – «Өсімдіктер әлемі» атты оқу-әдістемелік кешенін шығарудамыз. Кешен 36 кітапшадан тұрады.

ап

ап

Көгалдандырудың біздің елімізде кең етек алып, дамуы үшін журнал ашу аздық етті. Сондықтан, бас редакторымыз Құлжабаева Гөзел апай «Гүлстан» гүл бағын жасап, экскурсия өткізуге жағдай жасады. Бүгінде бақта 1000-ға жуық өсімдік өседі. 15 түрлі ландшафттық кескін бар. Экскурсияны «Гүлстанның» қабырғасында жүріп, өсімдіктер әлемінің қыр-сырын меңгерген оқушылар жүргізеді.

ва

"Гүлстан" журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева

Экскурсиямен қатар, бақта түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Атап айтқанда, «Гүлдастан», «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан», «Туған табиғатты аялайық!», сонымен қатар, түрлі шеберлік сыныптар мен пленэрлер. «Гүлдастан» деген поэзиялық кеш арқылы ақындарды шақырып, гүл бақты әдеби кешке бөлейтін едік. Алайда, қаламгерлермен істеген сол жұмыстың нәтижесі болмағандықтан, біз ол шараны тоқтаттық. Сондай-ақ, «Қызғалдықтың Отаны – Қазақстан» шарасы да өз жұмысын тоқтатты. Ал ауылдан басталған жыл сайын өтетін «Туған табиғатты аялайық» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны 2011 жылы облыстық деңгейде өткізген болатынбыз. 2012 жылы аталған шараны республикалық деңгейде өткіздік. Ал биылғы жылы халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз.

- Осыдан бір жыл бұрын «Батыр ана» бағын жасауды қолға алып едіңіздер. Нәтижесі не болды?

- 2012 жыл көктемде Алматы облысы, Кербұлақ ауданына қарасты Басши ауылдық округіндегі 10 га жерге аналардың құрметіне «Батыр ана» бағын жасап, 6000-нан аса көпжылдық гүл, гүлдейтін ағаш, сәнді бұта түрлерін отырғыздық. Нәтижесінде, біздің бастамамыз еліміздің әр өңірінде қолдауға ие болып, редакциямызға хаттар лек-легімен келіп түсуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір елді мекенде анаға арналған бақ жасалып, саябақтар саны көбейсе, онда, туған жеріміз, мемлекетіміз гүлденген үстіне гүлденетіні сөзсіз.

а

ва

ап

- Гүл жанды нәрсе ме?

- Әрине, гүл де адам сияқты нәзік, әрі сезімтал. Үнемі назар аударып, сырласып тұруды қажет етеді. Гүлдің тілі – тілсіз тіл. Өсімдіктің тілсіз тілін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейтіні өкінішті... Гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа еге салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол біздің жан дүниеміздің қаншалықты бай екендігін көрсететін, табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы. Гүл тек сұлулық сыйлап қана қоймайды, сонымен қатар, шын ықыласыңмен күтіп-баптаса, денсаулыққа өте пайдалы. Жұмыстан шаршап үйге қайтқанда, қызылды-жасылды жайқалып тұрған гүлдерді көрсеңіз, гүлдің жұпар иісі жаныңызды жадыратып жіберетіні рас.

- Назира, алдағы өміріңізді қай салада елестетесіз? Артыңыздан қандай із қалдыруды мақсат қыласыз?

- Алдағы өмірімді ландшафты дизайн саласы мен журналистикалық бағыт арқылы елестетемін. Негізі алға қойған жоспар көп. Гүл саласы – өте қызық, әрі қаржылы саланың бірі. Қаржылы дегенде, гүлге келсеңіз, бірден қыруар қаржыға кенелесіз деп айта алмаймын. Әрине, еңбектену қажет. Нәтижесінде, мол табысқа жету мүмкіндігі туады. Бізде көбінесе, ата-ана баласын ақшалы сала деп экономист, заңгер сияқты мамандарды таңдауына жол ашады. Ал, эколог, дендролог, флорист, гүлпаз, бағбан сияқты мамандар жоқтың қасы. Менің ойымша, баланы жастайынан түрлі мамандық түрлеріне бағыттау керек. Гүлді, жалпы өсімдіктер әлемін үйрету арқылы баланы әсемдікке, жан-жақтылыққа бағыттап, экологиялық білім беруге болады. Осы орайда, басты мақсатымның бірі – елімізде гүл мәдениетін дамыту. Осы сала бойынша, ұлттық маман қалыптастыру. Осы бағытта шамам келгенде, із қалдырсам деймін. 

Сұхбаттасқан: Еркебұлан Қайрахан

Суреттер: Назира Бурханованың жеке мұрағатынан

4255 8
Рейтинг: +8

Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 15:54
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 16:07

Назираа жарайсыз)

+0
05 сәуір 2013, 16:08

дұрыс айтады гүлдің де жаны бар, кейде ол сені түсінетін сияқты болып көрінеді, білмеймін, әйтеуір дүниеде гүлден нәзік, гүлден сұлу жаратылыс жоқ сияқты, Назираның жұмысы да, алып жүрген бағыты да өзіме қатты ұнайды, тек сәттіліктер тілеймін!

+0
05 сәуір 2013, 20:03

Менің жерлесім.. Жаксы бағытты таңдағансың. Жолың болсын...

+0
05 сәуір 2013, 21:00

Назиком сол :*

+0
05 сәуір 2013, 23:55

Бағытың жақсы, Назик. Блогқұрылтайдан кейінгі нық шешім дейсің ғой. ;)

+0
07 сәуір 2013, 23:11

Жақсы сұхбат! Гөзәл апайды танимын. Менен жалынды сәлем!

+0
08 сәуір 2013, 10:30

Назирадай гүлді түсінетін адам жоқ шығар... Прям айтқанда да столько сезіммен айтады. Жарайсың!

+0
08 сәуір 2013, 10:38

Назира, жарайсың! "Гүлдің тілі – тілсіз тіл". Жаңқсы ой айтылыпты бұл сұхбатта

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...