Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Іскер еркектің таңдауы

Іскер еркектің таңдауы

Іскер еркектің таңдауы

Кез келген адамды бірінші көргенде киіміне қарап бағалайсың. Психолог мамандардаң айтуы бойынша, 30 секунд әңгімелесуші туралы ортақ пікірді құруға жеткілікті. Ал бұл ойлардың 80%-ы адамның киінгені байланысты. Адам ойының бірінші әсерден айығуына бес жыл керек деген тұжырым бар. Іскер әйелдердің стилінде кейбір киім еркіндіктері кешірімді болса, іскер еркек қаталдық пен классика анықталатын костюм киюге мiндеттi. Олай болса, бiз кәсiпкердiң негiзгi киiмi болып табылатын костюм туралы айтып өтелік.

Костюмнің түсін таңдау әдістері:

Костюмның түсi сiз туралы көп мәлiметтi ашып береді. Костюм көк немесе сұр болуы керек.

Көк - маман, жетекшi, басқарудың авторитарлық стилiн қалайды;

Сұр - профессионализм, тұрақтылық.

Костюміңіздің түсі қоюлау болған сайын сіздің осы қасиеттеріңіз ашыла түспек. Мамандар сұр түсті костюмді күнделікті жүріп-тұрғанда киюге кеңес береді. Ал көгі болса, өмірдің барлық жағдайларында әмбебеп болып есептеледі. Қара костюмді тек қана ерекше жағдайларда киген дұрыс. Матасы біркелкі, жолақты немесе тор бола алады. Бірақ, жолақ және тор маталар костюмге қосымша өң беріп тұруы керек. 

Таңдау әдістері:

Костюмнің қайсысының ең жарасымды екенін білгіңіз келсе, ең қымбатынан киіп көріңіз. Қымбат костюмді сатып алып, бас қатырудың қажеті жоқ, жай ғана сізге жарасымдысын тапсаңыз болғаны. Ал сізге ұнағаны болса, дәл сондай костюмнің арзанын табуға да болады. 

Костюм иықтарыңызға жақсы тұру керек. Бұл өте маңызды. Егер костюм үлкен болып не қысып тұрса - сатып алудан батыл түрде бiржолата бас тартыңыз. Костюм таңдау сіздің дене пішіміңізді де ескеруді талап етеді. Егер де орта бойлы болсаңыз және көрікті дене құрылысыңыз болса, таңдауда шектеулер жоқ. Ал ұзын жігіттерге торлы матадағы костюмдер жараса кетеді. Ірі жігіттерге тегіс матада, ұзын ретінде көріну үшін жіңішке сызықты костюмдер жарасады.  

Киім сәйкестіктері:

Шалбар мен пиджагыңыздың екеуі екі түрлі болуы мүмкін, бірақ:

1. Пиджагыңыз торлы болса, онда бір түсті шалбар қажет.

2. Сызықты немесе торлы шалбарларға бір түсті пиджак киіледі.

3.  Шалбар мен пиджак түсі бір-бірін толықтыра білу керек.

4. Бір-біріне қарама-қарсы түстер үлкен жастағы ерлерге қарағанда, жастарға жарасады.

Кеңестер:

1. Туфлиді асықпай таңдаңыз. Туфли костюммен сәйкес болуы керек.

2. Белдік аяқ-киім түсімен бірдей болғаны жөн.

3. Шалбар сіздің шұлығыңызды жауып тұру керек. Шұлық аяғыңызды көрсетпеуі керек. 

4. Галстук ұзындығы белге дейін болғаны дұрыс.  Қысқа қолды көйлекті галстукпен бірге киюші болмаңыз.

5. Әдетте пиджактың ең төменгі түймесі тағылмайды.

6. Көкірек қалтаңызда ешқандай қалам немесе әмиян болмауы керек.

Суреттер: men-suit.ru                                        

4597 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: aaa aaa
Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
28 ақпан 2012, 13:29

)) сіздерде де осындай заңдылық бар ма сонда? ))

+0
28 ақпан 2012, 13:31

Иә расында сұр костюм жігітті нағыз іскер ретінде көрсетеді

+0
28 ақпан 2012, 13:39

Сұр костюмге келісемін ))

+0
28 ақпан 2012, 14:10

Жалпы өзім көк түсті костюм киіп жүретінмін!!! Мынадан кейін сұр түстісі ұнап қалды!!! Осы көктемде алмасам! Өте пайдалы кеңестер екен! Мақалаңызға көп көп рахмет!!!

+0
28 ақпан 2012, 14:27

Костюмді қайтесіз, Қажы-еке? Жаман шапаныңызға құдай қуат берсін.

+0
01 наурыз 2012, 08:56

Жаман шапан деп, мені жаман шапан киген жерімнен ұстап алып па едің? құдайға шүкір қазіргі заманға сай да костюм киуге қауқарымыз бар!

+0
03 наурыз 2012, 17:40

шынымен амантай қажысын ба ? )

+0
18 наурыз 2012, 15:56

менің кастюмім көк түсті ғой))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...