Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Cәнқой болам десеңіз...

Cәнқой болам десеңіз...

Cәнқой болам десеңіз...

Бүгінгі күні сән әлемі тек қана әйелдердің ғана емес, бүкіл еркектердің де шаруасына айналды. Себебі анасын немесе сүйіктісін қасына алып дүкен аралағын жігіттерді де кездестіруге болады. Сондықтан сәнді қорқынышты түстей көретін жігіттерге, сән әлемінің атақты сарапшысы Адам ди Стефано "Жігіттердің өмірі үшке бөлінеді: жұмыс, жеке өмір және қоғамдық орындардағы демалыс. Киіміңізге қарап сіздің сәнқой екендігіңізді көргенін қаласаңыз, онда мына кеңеске құлақ түріңіз" деп өз ұсынысын білдіреді:


1. Сарапшыларды тыңдаңыз:

Мен көрген жігіттер киім таңдағанда бірінші кезекте анасымен, кейін сүйіктісімен ақылдасады. Ал егер өз стиліңізді қалыптастырғыңыз келсе, онда сән әлемінің сарапшыларын тыңдаңыз. Бұл қасыңызда бір сарапшының болуы деген сөз емес, жігіттерге арналған ғаламтор беттерін немесе журналдарды қарастырсаңыз болғаны. Бірақ та бұл істі істер кезде тек қана танымал адамдардың киімінің суреттерін ғана емес, жазылған пікірлерді мұқият оқып шығыңыз. Бұл жазулардан өз ойыңызды қалыптастырыңыз.

2. Жаңа трендтер сіздің бақылауыңызда болсын:

Сән өзгеріп отыратын түсінік. Бүгін сәнді деп жүргеніңіз ертеңгі күні сізді көріксіз адамдардың қатарына қосуы мүмкін. "Олай болса өзгеріске ұшыраған трендтерді қалай бақылауымызда ұстаймыз?" дейсіз ғой. Атақты актерлардың, футбол ойыншыларының киімдерін көріңіз, сонда сәннің қай бағытта өзгергенін байқай аласыз. Бірақ бірінші кеңесте айтып өткендей, өзіңіздің стиліңізге сәйкестендіріңіз.

3. Ескі киімдерге де назар аударыңыз:

Сән әлемінің өзгеруі жаңа өнімнің шығуы ғана емес, тағы да қайталанатын бір түсінік. Біраз жыл бұрын сәнге айналып, ұмытылып кеткен киімдер болашақта сән әлемінің таптырмас бөлшегі болуы мүмкін. Гардеробыңызды жаңалап жатып, ескі киімдеріңізді лақтырып тастау сіздің ойыңызда болмасын. Яғни бұл киімдерді соңғы үлгідегі киіммен сәйкестендіре білсеңіз, онда сіз сәнқой жігіттердің біреуісіз...

4. Әрқашан формада болыңыз:

Сәнді бола білу тек қана нені кигеніңізге байланысты емес. Мысалға екі түрлі жігітті алайық: біреуі спортшы, екіншісі болса, әлжуаз немесе толық... Әдемі киім қайсына жарасатындағына ойланбай жауап беруге болады. Форманы сақтау үшін асты талғап жеп, аптаңыздың біраз уақытын спортзалда өткізсеңіз жеткілікті. Денсаулығыңыз да жақсарып, киген киіміңіз де сізге жараса кетеді.

5. Сенімді болыңыз:

 Бұл кеңес айтылып өткен кеңестердің ең маңыздысы. Яғни киген киіміңізде өзіңізге нық сенімді бола білсеңіз, онда сізге кез келген киім жараса кетеді.

 

Суреттер: hisnotion.com 


Форумда талқылау

8308 9
Рейтинг: +0

Дайындаған: aaa aaa
Қосылған күні: 25 ақпан 2012, 17:00
Пікірлер
+0
25 ақпан 2012, 18:09

стильді жігіттер болады ғой, соларға қарап сүйсінуге болады )

+0
27 ақпан 2012, 10:27

Құдайға шүкір! Біз де жасқа қарамай стильден қалып қойған жоқпыз!!! Әр сезонда барахолқаға барып неше түрлі стильді киімдерді таңдап, талғап киіп жүрген жайымыз бар!!! Бізден де сүйсінуге тартынбаңыз???

+0
29 ақпан 2012, 17:01

Стильді киінетін жігіттерді унатам)))))))))))

+0
26 ақпан 2012, 01:48

Бесінші кеңес супер! )

+0
26 ақпан 2012, 16:08

қызыл түсті киім киіп алатын жігіттерді түсінбеймін...киіп алғандарын көрсем ызам келеді

+0
27 ақпан 2012, 10:20

Сонда маған қызыл шапан киюге болмай ма?

+0
27 ақпан 2012, 04:16

Өте жақсы талғаммен 100 долларға (бастан аяқ) киініп алатындар бар. Сол сияқты 1000 долларға талғамсыз киініп алатындар да бар. Бастысы талғам.

+0
27 ақпан 2012, 10:31

Бастысы ақшада қызым!!! Қымбат киімдер қашанда стильді болып келеді!!! Ал арзан киімдердің көпшілігі синтетика аралас болып келеді. Талғамды адам өзі жан жағына қарап-ақ қалыптастырады!!!

+0
27 ақпан 2012, 10:32

Өз басыма классикалық киімдер ұнайды!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...