Dolce&Gabbana балаларға арналған әтір шығара бастайды

Dolce&Gabbana балаларға арналған әтір шығара бастайды

Сәби иісі - салыстыруға келмейтін, әлемдегі ең хош иіс. Алайда Dolce&Gabbana оны да сәндеуге кіріспек.

Итальяндық дизайнерлер дуэты балаларға арналған парфюм шығарғалы жүр. Бұл ресми жаңалық болмаса да, батыс сән үйлерінің арасында осындай сыбыс баяғыдан пайда болды. Ал жаңа иіс қорабының суретін Стефано Габбана өз Twitter-інде жариялады.

Осы салада жүрген мамандардың айтуынша, иіс расымен балаларға арналмақ. Оның иісі ересектердің парфюмінен әлдеқайда бәсең, құрамында спирт болмайды. Аллергия қоздырмай, бала терісіне зақым тидірмеуі тиіс.

Сіз балаңызға осындай әтір алар ма едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: lady.mail.ru

С. А