Chanel-дің көктемдік макияжы

Chanel-дің көктемдік макияжы

Көз бояудың ұстамды, терінің нәзік түстері жарқын лак пен далап түсімен үйлеспейді деп ойлайсыз ба? Chanel-ден келе жатқан көктемге арналған макияжы дәл сондай.

Осы жолы танымал бренд көз бояуларының арасынан ұстамды, бірқалыпты түстерді таңдады. Ашық сары-қоңыр, алқызыл түстер қолданылды. Мысалға, мына  Les 4 Ombres Raffinement қабақ бояуында қоңыр, ашық-қоңыр, сұр-қоңыр, ақшыл түстері бар. Осындай түстерді табиғи бейне жасау үшін қолданыңыз.

Жаңа топтаманың эксклюзивті бұйымы - Poudre Signee de Chanel жібек опасы. Ол жұмсақ алтын реңк беріп, бетіңізді жайнатады. Түссіз деп айтуға болатын опа келбетіңізді жаңа қырынан көрсетеді.

Жаңа Joues Contraste Frivole еңлігінің өрік түстес жарқыраған реңкі бір сәтте келбетіңізді жандандырады.

Келер маусымның далаптарының түстері нәзік те, көзге түсерліктей жарқын да. Rouge Allure Velvet топтамасындағы далаптар ең нәзік, ең сәнді болады. Арасындағы La Favorite - коралл түсі және L’Eclatante - жарқын алқызылдары ерекше сәнді.

Chanel Le Vernis лактарында жаңа 3 ерекше түс пайда болды. Emprise  - ашық алқызыл, Accessoire - қызыл қоңыр, Fracas - жарқын алқызыл түстері осы макияж үшін өте жарасады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: chanel.com

С. А