Пластикалық ота жастарға қауіп төндіруде

Пластикалық ота жастарға қауіп төндіруде

Корея – пластикалық ота жасаудың отанына айналып келеді. Жастар арасында мұндай жасанды сұлулыққа талпыну күн сайын өршіп тұр. Қалтаңызда жетерлік ақшаңыз болса болғаны, сұлулықты сатып ала аласыз. Оның үстіне ота деңгейіне қарай бағасы да қолжетімді. Бұл қазір әлемнің жер-жерінен «ауруларды» өзіне баурауда.

Көптеген қыз-жігіттердің арманына айналған кореялық әртістердің 95 пайызы осы пластикалық отаға жүгінеді екен. Ал қазір әртістер ғана емес, Корея елінде жастар арасында бұған әуестік күн сайын көбеюде. Бұл табиғи сұлулыққа деген қиянат қана болып қалмастан, әртүрлі ауруларға душар ететіні айтпаса да түсінікті.

Кореяның 17-қаңтар кешкі телебағдарламасында бір жылда 100-ден астам пластикалық ота жасатқан үш бірдей бойжеткенді таныстырған.

Мына суреттегі үш бойжеткен пластикалық ота жасату арқылы сүйкімді кино жұлдызына айналғысы келетіндерін жасырмаған. Олар қаншама ақша жұмсаса да, жұлдызға айналу арманынан әсте баз кешпейтінін айтады. Ал дәрігерлер енді ары қарай ота жасатудың тым күрделі, әрі қатерлі екенін ескерткен.

Ал Кореялық психологтар бұл түрдегі сұлулыққа талпынудың психологиялық ауруға айналып бара жатқанын айтып, бұл әдеттің жастардың психикасына және дене саулығына ауыр дәрежеде қауіп әкелетінін ескерткен.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: world.lb.ua

Қ. Қауымбек