Сәннен қалмаңыз

Сәннен қалмаңыз

Заманға сай боламын десеңіз, мына заттардың сізде болғаны дұрыс.

1. Джинсы шалбары - 2 дана. Біреуі ашық түсті болса, екіншісі көк-қара. Бастысы, сізге жарасып, аяғыңызды ұзын, арық қылып көрсететуі керек. Джинсы сатып алғанда, үнемдемей, жақсысын алғаныңыз абзал. 

2. Ақ және қара түсті майка. Барлық сәнді брендтердің топтамаларында көрініс тапқан, арзаны да, қымбаты да бар. Майка таңдағанда, берік матадан тігілгенін, және эластан қосылғанын алғаныңыз жөн. Олар төзімді әрі денеде жақсы көрінеді. 

3. Тоқ сары немесе қара түсті орташа өкшесі бар "қайықша" туфлиі. Мейлі сізде аяқ киімнің 500 жұбы болсын, бірақ, осы екеуі ыңғайлы, сапалы және қымбат болуы тиіс. Олар әмбебап, сәннен де ешқашан шықпайды. Сондай-ақ орташа өкшедегі бұл ыңғайлы аяқ киім  сіздің сүйікті бұйымдарыңызға айналары сөзсіз. 

4. Қарындаш-белдемше. Бұл белдемше бәріне жарасады, сізде де болуы тиіс! Ол беліңізді арық қылып көрсетіп, бойыңызды ұзартады. 

5. Шалбар, костюм. Ашық түсті болса да, болады. Өте ыңғайлы, іскерлік кездесулерге де киіп баруға болады. Шашыңызды жіберіп, кереғар түсті майка таңдасаңыз, нағыз сұлу атанасыз! Пиджагын бөлек басқа шалбармен не джинсымен кисеңіз де болады. Шалбарды бөлек айқын түсті майкалармен (мысалға, теңіз стиліндегі жолақ майкамен) киіңіз.

6. Қара, үлкен сөмке. Артық ештеңе айтудың да қажеті жоқ. Тек табиғи былғарыдан тігілгенін таңдаңыз.

7. Кішкентай қара көйлек. Әлде...қызыл. Немесе көк, ақ... Бастысы сізге қатты жарасуы керек. Оны пиджак не шәлілермен кисеңіз болады. Аяғыңызға ашық аяқ киім, балетка не туфли киіңіз.

8. Көп әдемі іш-киім. Қызықты суреттер бейнеленген спорттық, не нәзік әрі өте тартымды болсын...

9. Ұсақ-түйектер. Косметика салатын сөмке, әмиян, кілт салатын дорба, күнделік, қалам және т.б. 

Форумда талқылау.

Сурет fashiongu.ru сайтынан алынды.

С. А