Күлгін түсті киім киген жігіттер қыздарға ұнайды екен

Күлгін түсті киім киген жігіттер қыздарға ұнайды екен

Ғалымдардың айтуынша, адамның келбетіндегі басты бөлік - киімінің түсі. Ал соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша, күлгін түс киген жігіттер қыздарға ерекше ұнайды екен.

Сараптамаға қатысқан қыздардың 28%-ы жігіт киімінің түсі көңілдерінен шықпағандықтан, онымен кездесуге келіспейтінідігін айтты.  Арулардың 36%-ы ердің киімінде күлгін түсінің болатындығын қалайды екен. 

Қыздардың 13%-ы ақ, 11%-ы көгілдір не қызғылт жейде киген жігіттерді ұнататындықтарын айтты. Жалпы қыздардың 25%-ы жігіттерінің гардеробына өзгертулер енгізуді арман қылады екен. Ал әр 20-ару отырыстарға шыққанда еріне не кию керектігін айтып отырады. Олардың 30%-ы жігітіне киім таңдайтындығын жасырмайды, одан ұялмайды да. Жігіттің гардеробына араласуының басты себебі - олардың талғамының жоқтығы деп көрсетеді көбісі. 

Айта кетсек, жігіттер де қыздарының гардеробына қол сұғып, кеңес беруден шаршамайды екен. Әр 5-жігіт қызының киімі жайлы кеңес беруді дұрыс деп санайды. 

Жалпы, қыздар мен жігіттердің 10%-ы сыңарының ұнамаған киімдерін жыртып, лақтырғысы келетіндігін айтты. 

Ал сіз жігітіңіздің киіміне қаншалықты көңіл бөлесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: blogspot.com

С. А