Парка - сәнді күртеше

Парка - сәнді күртеше

Гранж стиліндегі бұл күртеше күз-қыс 2012-нің нағыз трендіне айналды. Оны қалай, немен киюге болатыны жайлы оқи отырыңыз.

Капюшоны бар ұзын келген жылы күртеше - қарапайым және өте ыңғайлы. Бос, кең күртеше тек спорттық стильді киіммен жарасады деп ойлайсыз ба? Парка кез келген киіммен киюге келеді. Тек оның сырларын білсеңіз болғаны.

Жылы қоңыр, сарғыш түсті күртеше түрлері нәзік көрінеді. Сол себепті бұндай парканы көйлекпен үйлестіріп киюге әбден болады. Тіпті гүлді жейдемен де үлкен күртеше өрескел көрінбейді.

Жағасы қалың парканы сәнді кедымен кисе болады. Осылайша батыл, көзге түсетін кэжуал бейне жасайсыз.
Парка қысқа, кең белдемшелермен де жарасады.
Қою қоңыр түсті парка - әмбебап шешім. Түрлі-түсті киім, түрлі стильдер онымен үйлесе алады.
Ерекшеленемін десеңіз, парканы қысқа шорты мен биік өкшелі етікпен киіңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua
С. А