Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Ымырт сагасындағы beauty-эволюция

Ымырт сагасындағы beauty-эволюция

Ымырт сагасындағы beauty-эволюция

Танымал болған "Ымырт сагасы" фильмінің соңғы бөлімі де шығып үлгерді. Соңғы жылдары жастардың сүйікті кейіпкерлеріне айналған вампирлер теория бойынша қартаймаса да, өзгеріске ұшырағандары көрініп-ақ тұр. Осы уақытта Белла, Эдвард және фильмнің басқа да кейіпкерлері қалай өзгерді?

Белла

Әрине, ең көп өзгеріс саганың басты кейіпкері Белладан байқалады. Ұяң, ұялшақ оқушыдан ол вампирлардың ханшайымына айналды. Вампирге айналғалы Белланың көзінде қан түстес линзалар, беті бозарып, шашы мен қасы қанығырақ болды. Бір қарағанда Белла вампир кейіпінде әлдеқайда әдемі көрінеді. 

Эдвард

Әлемдегі ең сымбатты вампир жігіт үйленіп, қызды болғалы өңі жақсарған сияқты. Неке оның бетіне кішкене болса да қан жүгіртіп, бұрынғыдай бозарғандықтан құтқарды. Шаш сәні де ұқыптырақ, түсі қанық болды. 

Эсме

Каллен отбасының бәйбішесі Эсме "Ымырттың" алғаш бөлімінде ретро стиліндегі шаш сәндеріне құмар еді. Сага соңында ол әлдеқайда табиғи, қарапайым көрінеді. Қоңыр-қара шаш түсі мен опаның аздығы оған әбден жарасты.

Элис

Жас вампир қыз Элистің фильмнің алғашқы бөліміндегі үрпиген "боб" шаш сәні уақыт өте жинақы қысқа шаш сәніне айналды.

Джейкоб

Қасқыр жігіт бірінші бөлімде тым жас, бала көрінген. Ұзын шашты париктен гөрі Джейкобқа қысқа шаш сәні жарасады. Соңғы бөлімде жалаң кеудесімен де жиі байқала бермеді.

Ал сізге "Ымырт сагасының" қай кейіпкері ұнайды?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: bellasugar.com 

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 13:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.