Жазғы тренд: Панама

Жазғы тренд: Панама
Фото: elle.ru

Осы уақытқа дейін панама подиумда биылғыдай танымалдыққа ие болмаған шығар. Жақында өткен сән апталықтарында панама жиі көрінген бас киім болды.

Valentino оны шілтермен безендірсе, Nina Ricci оның жұқа киізден жасалған түрін ұсынды. Dior ұсынған әр үлгіде оның қабылан және торлы түрлері, сонымен қатар лакталған теріден жасалған түрлері кездесті.

Атақты модель Джиджи Хадид

Қазір панаманы кез келген киім үлгісімен үйлестіруге болады. Себебі сән көрсетілімдерінде оны кешкі көйлектермен де, қатаң шалбарлы костюммен де киіп шықты. Ол тек сәнді тренд қана емес, сонымен қатар өте ыңғайлы және күннен қорғайтын бас киім десек қателеспейміз.

А. Жапатова