Тренд — 2019: Комбинезон

Тренд — 2019: Комбинезон
Фото: vk.com

Биыл комбинезон Нью-Йорк, Лондон, Милан мен Париж подиумдарында көп көрсетілді.

Көктем мезгіліне сай келетін сәнді әрі ыңғайлы киім бір жағынан уақыт үнемдеуге де көмектеседі. Себебі, оған тек аяқ киім ғана таңдайсыз. Комбинезонды күнделікті жұмысқа кигенде тақасы аласа аяқ киіммен үйлестірсеңіз, кешке оны туфлимен алмастырсаңыз болады.

Көктем-жаз топтамалары ұсынылған сән апталықтарында Givenchy, Louis Vuitton, Isabel Marant, Stella McCartney, Celine сынды брендтер комбинезонның түрлі үлгілерін көрсетті. 

Клэр Уэйт Келлер әскери киімге ұқсас хаки түстісін шығарса, Эди Слиман қара былғарыдан тіккен. Николя Жескьер әдемі жейдемен үйлестіруге болатын нәзік үлгісін жасаған.

А. Оралқызы