Виктория Бекхэмнің сұлулық сырлары

Виктория Бекхэмнің сұлулық сырлары
Фото: vk.com

Дизайнер асай жемісі мен бал ара өнімдері негізінде жасалған құралдардың көмегімен салмақ тастайтынын және терісін күтетінін айтқан.

Виктория Бекхэм күн сайын құлпыра түсуде. Дизайнер өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сұлулық сырымен бөлісуді жөн көріпті: ол тағамына асай жемістерін қосады екен.

Модельер және төрт баланың анасы дәл осы «суперөнім» оған артық салмақпен күресуге және тері реңкін жақсартуға көмектеседі екен. Асай жемістері – Амазонка тропикалық ормандарының жергілікті тұрғындары ашқан күлгін пальма жемісі. Жемістердің құрамында аминқышқылдары, сонымен қатар A, B, C және E дәрумендері мен калий, кальций, магний, мырыш және цинк сияқты минералдар бар. Жемісті бұтақтан жұлып алғанда ол тез үсіп кетеді, сондықтан оны алыс елдерге апару үшін одан көбіне шырын немесе ұнтақ жасайды. Ал бұлардан смузи жасау оңай.

Британиялық диетолог және тағамтану блогері Deliciously Ella былай деп пікір білдірді: «Асай жемістері антиоксиданттарға өте бай: оларда бұл пайдалы заттек бірнеше есеге жоғары – қаражидекке қарағанда сегіз есе және қызыл шарапқа қарағанда 10-30 есе жоғары. Сонымен қатар оларда E мен омега-3 дәрумендері бар. Бұлар азат радикалдардың босауына жол бермейді және сымбатыңызды қалыпта ұстауға көмектеседі. Сонымен қатар жемістер терінің жарқырауын қамтамасыз етеді және қартаюдың алдын алады».

Виктория Бэкхэм пайдаланатын басқа құрал – Bee panacea топтамасы. Бұл құрал бал, гүл аталығы, балауыз, аналық сүті сияқты бал арасы өнімдерінің негізінде жасалады. Сонымен қатар құрамында балдыр, шөптер мен пробиотиктер бар. Бұл құрал дәрумендер мен минералдар кешенін қамтиды, оның ішінде фолий қышқылы да бар. Виктория ара балауызы қуаттылықты арттырып, тері қабынуларын кетіреді деп жазған.

А. Оралқызы