Сән 2019: Күннен қорғайтын көзілдірік

Сән 2019: Күннен қорғайтын көзілдірік
Фото: unsplash.com, differed.ru

2019 жылдың күннен қорғайтын көзілдіріктерінде ерекше екпін спорттық стильге қойылған. Көзілдіріктің дайверлер мен шаңғышылардікіне ұқсайтын түрлері трендте болады. Сән көрсетілімдерінде ұсынылған көктем-жаз 2019 топтамасындағы көзілдіріктердің басты тенденцияларын ұсынамыз.

Мысық көз

Төменгі жағы дөңгеленіп келген және сыртқы жоғарғы бұрыштары созылған көзілдіріктер танымалдылығын әлі де жоғалтар емес. Қазір мұндай "мысық көз" көзілдірігінің ең сәнді түрі – күңгірт линзасы және жалпақ пластикалық жиектемесі бар көзілдірік. Жиектеме түрлі түсті немесе классикалық қара болуы мүмкін.

Геометриялық пішін

2019 жылдың сәнді  көзілдіріктері түрлі геометриялық пішіндерімен ерекшеленеді. Сән көрсетілімдерінде үйреншікті төртбұрышты пішіннен басқа үшбұрыш, ромб пішіндері де кездесті.

Көбелек

Жеңіл әрі нәзік "көбелек" көзілдіріктері де сұраныста. Көзілдіріктер көбелек қанаттары секілді жасалған.

Футуристік жиектеме

Болашақтың көзілдірігі қандай болатындығын елестетіп көрдіңіз бе? Ал дизайнерлер болса, болашақтың аксессуарларын қазірден бастап жүзеге асыруды қолға алған. Себебі соңғы кездері олардың топтамаларынан футуристік элементтер жиі кездесіп жүр. Көктем-жаз 2019 топтамасының сәнді көзілдіріктері – 3D-үлгідегі фильмді көруге арналған көзілдірікке ұқсайтын пластикалық жиектемесі бар және қара линзалы көзілдіріктер.

Түрлі түсті пластик

Түрлі түсті пластиктен жасалған көзілдіріктер сән әлеміне берік орнықты. Бұл жылғы топтамада да түрлі түсті пластик көзілдіріктер кездесті.

Логотип

Аксессуарды өз логотипімен безендіру жаңа идея емес. Өздеріңіз байқағандай, 2019 жылы логотип барлық жерден көріне бастады. Логотипі бар сөмкелердің артынан логотипі бар көзілдіріктер де келді.

Бұршақ және қабылан принті

Бұршақ – 2019 жылдың ең сәнді принттерінің бірі. Нәзік бұршақ принті дизайнерлердің көңілінен шыққаны соншалық, оны көзілдірікке де қолдануды шешкен. Мұндай ерекше көзілдірікті біртүсті киім үлгісімен үйлестірген жөн.

Спорттық стиль

Нәзіктік пен спорт – қазіргі кездегі ең басты екі тенденция. Дизайнерлер шаңғышылардың, дайверлердің, велосипедшілердің көзілдірігіне ұқсас спорттық "дәмі" бар, бірақ күнделіктіге киюге болатын үлгілерді ұсынды.

Айналы бет

Айналы көзілдіріктерді бірден бірнеше брендтер ұсынды. Мұндай көзілдіріктің пішіні түрлі болуы мүмкін.

Сәнді көзілдірік күнделікті киім үлгіңізге ерекшелік сыйлайды. Бастысы, көзілдірікті бет пішініне байланысты дұрыс таңдай білу керек.

А. Жапатова