Қаңтарда не киеміз?

Қаңтарда не киеміз?
Фото: pinterest.com

Қыста жылы әрі ыңғайлы киінгіміз келеді. Егер қаңтарда жаңа қысқы киім алатын ойыңыз болса, өзіңізде бар киім түрін қайталап алудың орнына төмендегі ұсыныстарға көз жүгіртіңіз.

Шарфтың қарапайым түріне қарағанда "үрленген" түрін таңдаңыз

Шарф – қыс мезгілінің басты аксессуары. Жылы кашемир шарфыңыз бар болса және киім үлгіңізге ерекшелік сыйлағыңыз келсе, "үрленген" шарфқа мән беріңіз. Қазір мұндай шарфтар дүкен сөрелерінен орын алып жатыр. Оларды мамық күрткелермен де, пальтолармен де тағуға болады.

Күз-қыс топтамасы 2018-2019: сәнді шарф

Свитердің орнына кардиган киіңіз

Кардиган – оранып алуға болатын жылы қысқы киімдердің бірі. Қаңтарда бұл ыңғайлы киімді жұмысқа жейденің немесе водолазканың сыртынан киіп баруға болады.

Бәтеңкенің қарапайым түріне қарағанда табанына резеңке қосылған түрін таңдаңыз

Табанында резеңке қосылған бөлігі бар жылы бәтеңкені "бақа-бәтеңке" деп те атайды. Оны баяғыда батпақты жерге аң аулауға киетін болған. Ал қазір мұндай сәнді бәтеңкелер қыс мезгілінің суық күндеріне сай келеді.

Резеңкемен жалғасқан қолғап алыңыз

Балалық шақтың бұл аксессуарын қазір де киюге болады. Мұндай қолғап сәнді әрі жылы болып келеді. Оны мамық күрткемен немесе тонмен үйлестіруге болады.

А. Жапатова