Hypeawards — 2018: Үздік фэшн-брендтер

Hypeawards — 2018: Үздік фэшн-брендтер
Фото: vk.com

Hypebeast басылымы жыл қорытындысын жасады. Редакция Hypeawards — 2018 премиясы шеңберінде 7 категория бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Номинанттар мен жеңімпаздар сән өндірісіне тигізген ықпалына байланысты бекітілді. Әділқазылар алқасының айтуынша, үздік шыққандар осы жылы тек өз брендтерінің жетілуін ғана көздемей, жалпы мәдениеттің өркендеуіне еңбек еткен.

Сонымен, толық тізім төмендегідей:

Үздік бренд — Louis Vuitton (номинанттар қатарында Prada, Alyx, Palace, Balenciaga болды).

Үздік әйелдер бренді — Victoria Beckham (номинанттар қатарында Simone Rocha, Prada, Sacai, Jacquemus болды).

Үздік жаңа бренд — Union Los Angeles (номинанттар қатарында Online Ceramics, Pyer Moss, Awake болды).

Үздік жаңа әйелдер бренді — Marine Serre (номинанттар қатарында Danielle Cathari, Ganni, Pyer Moss, Studio Alch болды).

Үздік аяқ киім бренді — Nike (номинанттар қатарында adidas, Converse, New Balance, Asics болды).

Үздік коллаборация — Palace x Polo Ralph Lauren (номинанттар қатарында Rimowa x Off-White™, Pokémon x Fragment Design, Nike x Alyx, Union x Jordan болды).

Үздік кроссовкалар — Nike React Element 87 (номинанттар қатарында Yeezy 500, Union x Air Jordan 1, Asics x Kiko Kostadinov, Golf le Fleur x Converse болды).

А. Оралқызы