Шұлық - таптырмас бұйым

Шұлық - таптырмас бұйым

Шұлықтар заманауи қыздардың күнделікті гардеробының ажырамас бөлігіне айналды. Шұлықтардың тарихы мен қызықты жайттарды оқи отырыңыз.

Әйел гардеробындағы маңызды бұйым шұлықтар қарапайым өмірге сахнадан келіпті. Сонау 1961 жылы Америкадағы Салли Рэнд есімді биші үлкен танымалдыққа ие болған. Ол сахнадағы билегенше жаурайтындықтан, шұлық кие бастады. Биші тоңбастан көрсетілімді жалғастыра беретін. Ал оның аяғындағы мөлдір шұлықты ешкім байқамаған екен. Шұлықтар биші қыздардың арасында жайылып, кейін қарапайым арулардың арасында танымалдыққа ие болды.

Бүгінде шұлық түрлерінде шек жоқ: түрлі түсті, шілтер, тоқылған, торлы және т.б.  Оларды қалай таңдау керек?

Бұл күздің сәнді трендтерінің бірі - қою қызыл түсті шұлық. Бұндай шұлықтарды күңгірт түстермен емес, ашық, кереғар түстермен сәйкестіріп киіңіз. Мысалға, ашық қоңыр көйлек пен қою қызыл шұлықтарды, ашық түсті аяқ киім киіңіз. Шұлықтардың актуалды түстеріне сондай-ақ шоколад түстес, күлгін, сұр түстерін жатқызса болады. Қалың және тегіс, жылтырамайтын шұлықтар аяғыңызды арық, сымбатты көрсетеді.

Соңғы кезде сәнге кірген жарқын, түрлі-түсті шұлықтар кисеңіз, көйлегіңіз де сол түске жақын болуына назар аударыңыз. Жарқын түсті шұлықтарды аяқ киіммен үйлестіріп, қысқартылған шалбар кисе де болады. Қалың шұлықтарды қалың, тоқылған киімдермен киген жөн. Өрнекті шұлықтар әлі де сәнде. Оларды бір түсті көйлектермен үйлестіріп киген жөн. Күз-қыс маусымында ақшыл, ақ түсті шұлықтар ерекше сәнді болады. 

Жұқа шұлықтардың торлы, шілтерлі түрлерімен абай болыңыз. Тым тартымды шұлықтармен жабық, ұстамды киім киіңіз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: knowzzle.com

С. А