Сән көрсетілімін театр қойылымының дәрежесіне жеткізген Майкл Хауэллс өмірден өтті

Сән көрсетілімін театр қойылымының дәрежесіне жеткізген Майкл Хауэллс өмірден өтті
Фото: vk.com

"Мен 11 жасымда атақты Эйлин Дисс "Граф Монте Кристо" фильмінің дизайнері ретінде атқарған жұмыстарындағы шешімдерге қалай келгенін айтқан сұхбатын көріп қалдым. Ол менің өмірлік арманымның пайда болуына әсер етті, ішімнен: "Мен де осылай жасағым келеді", - деп ойладым.

Театр  қиял кеңістігі. Ол бір-ақ қадам жасау арқылы өзге, жаңа әлемге өтіп кетуге көмектеседі. Сондықтан, интернетті тастаңыз да, қолыңызға қағаз бен қайшы алып, қойылымыңызды әрлеуді бастап кетіңіз.

Бар әлем  сахна, сол сахна тұтастай сіздікі..." дейтін аты аңызға айналған Майкл Хауэллс. Талай фильмнің арт-директоры, түрлі сән қойылымдарының авторы, аса талантты Хауэллс 61 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ол қазіргі таңда өнер ретінде бағаланып жүрген high fashion саласындағы мансабында John Galliano, Christian Lacroix, Alexander McQueen, Louis Vuitton, Christian Dior және де өзге атақты сән үйлерінің шоуларын жасап келді. Көрсетілімдерден бөлек, ол фильм түсіру алаңы мен театрда да жұмыс істеді. Телевизиялық бағдарламалар да жасады. 

А. Оралқызы