Әйелдер ерлердің гардеробынан не "ұрлап" алды?

Әйелдер ерлердің гардеробынан не "ұрлап" алды?

Уақыт өте келе ерлер мен әйелдер қауымының киімдері өзгерді. Жоқ, киім емес, киюшілер өзгерді. Бүгіндері әйелдер киіп жүрген киім түрлері кезінде ерлер гардеробында болған. Заман ретке келтірді ме, әлде шатастырды ма, қайдам, бүгіндері әйелдер кешегі ерлердің киімдерін киіп жүр. 

Сарафан


Бұл киім түрін әйелдер ерлерден XVII ғасырда-ақ "тартып" алған. Парсы киімі serapa "Ерлердің  ұзын шекпені" деп сипатталған.

Биік өкшелі аяқ киім


Кезінде бұл аяқ киім түрін ерлер киіп жүрген екен. Қатерлі жұқпалы аурулардан сансыз адам көше бойы өліп жатқанда соларды басып кетпес үшін көбі биік өкшелі аяқ киім киген деседі. Ол кезде биік өкшелілер қыздардың сәнді аяқ киіміне айналарын кім біліпті дейсіз?

Сәнді белбеулер

Кезінде ерлер ғана белбеулеріне түрлі тастар тағып, жалтыраған заттармен сәндеп жүрген. Егер ер адам атақ-дәрежесі жоғары болса, оның белбеуінде күміс пен алтыннан жаслған сәнді бұйымдар болуы шарт екен. Қазіргі күндері белбеуді сәндеуде алға озған әйелдер қауымының бағына ол кездері жібектен тоқылған белбеулер ғана бұйырыпты. 

Лосиналар немесе дамбалдар


Шамамен, XIII ғасырда ерлер жорыққа шыққанда ласиналар киіп шығады екен. "Кімде дамбал болса, сол адамда билік бар" деген сөз сол кезде шыққан. Бүгіндері ер кісілер кию тұрмақ, жанына жоламайтын ласиналар кезінде елін қорғайтын батырлардың міндетті киімі болған.

Шұлықтар


Бұл киім түрі - ежелгі гректер мен римдіктерден жеткен үлкен сәлемдеме. Өздерінің мандаттарын көрсету үшін ерлер жұқа шұлықтарды XVIII ғасырға дейін тастамаған.

Жасанды шаш


Бұрындары жасанды шаштарды тек ерлер ғана киген. Ел билеушілерінің басынан түспеген жасанды шаштар қазір белсенді түрде әйелдер қауымына қызмет етуде.

Белдемшелер

Белдемше туралы артық сөздің керегі жоқ-ау.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: diary.ru, liveinternet.ru, ru.wikipedia.org

А. Әбілхан