Көктем-жаз 2018: сәнді маникюр

Көктем-жаз 2018: сәнді маникюр
Фото: differed.ru

Нейл-арт шеберлері маникюр әйел адам үлгісіндегі міндетті бөлшек екендігін дәлелдеумен келеді. Тырнақтың ұзындығы мен пішініне келсек, басты екпін табиғилыққа қойылады. Сәнде қысқа және орташа ұзындықтағы, дөңгелек немесе бадам пішінді тырнақтар болады.

Нюд маникюрі

Кез келген мерзімнің сәнді тенденциялар тобында бірнеше жыл қатарынан келе жатқан нюд маникюрінен бастайық. Ол өте қарапайым болса да ерекше әдемі көрінеді. "Жас талғамайды" және әртүрлі стильге жараса кетеді.

Бірақ 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде мұндай маникюр түрінде аздап өзгерістер болды. Енді нюд реңктерін жинақы суретпен толықтырады. Ол тек бір саусақтағы нәзік реңкті жіңішке жолақ, шағын өрнек немесе басқа да кез келген сурет болуы мүмкін.

Негізгі лак түсі қол терісінің түсіне барынша жақын болғаны дұрыс. Лак жалтыр да, күңгірт те болуы мүмкін. Тырнақ ұзындығы – қысқа немесе орташа, ал пішіні – төртбұрышты немесе табиғи тырнақ пішіні.

Абстракция

Абстракция – 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің сәнді тренді. Түрлі көлемдегі аралас-құралас сызықшалар, түрлі түсті дақтар  – осы мерзімде көптеп кездесуі мүмкін. Олар ретсіз немесе нақты геометриялық реттілікпен орналасуы мүмкін. Бір маникюрде бірнеше түсті қатарынан жасауға болады, трендті қайталағыңыз келсе, кем дегенде 4 түс таңдаңыз.

Логотипі бар маникюр

Егер қандай да бір сүйікті сәнді брендіңіз бар болса, оны маникюрге салдыртуыңызға болады. Танымал бренд атауының логотипі бар маникюр көктем-жаз мерзімінде танымал болмақ.

Байқасаңыз, логотипі бар футболкалар, спорттық киімдер, туфлилер және басқа да киімдер кең таралуда. Бұл тренд киімде ғана емес, көріп отырғаныңыздай тырнаққа да келген.

Қызыл түс реңктері

Классикалық қызыл түс – уақытқа тәуелсіз тренд екенін айтудан жалықпаймыз. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде қызыл түстің барлық түрлері сәнде болады. Маникюрдегі "америкалық стиль" трендте қала бермек, яғни, тырнақтағы лак түсі ерін далабымен дәлме-дәл болу керек.

Суреті бар маникюр

Көктем-жаз мерзімінің сәнді маникюрін суретсіз елестету қиын. Жаз мерзіміне арналған үйреншікті гүлдерден бастап сафари стиліндегі суреттерге дейін салуға болады. Ұсақ гүлдер, кішкентай жапырақтар секілді өсімдік элементтері жазғы көңіл күй сыйлайды және нюд маникюрімен жақсы үйлесім табады.

Металлик эффектісі бар маникюр

Металлик эффектісі бар маникюр өз танымалдығын жоғалтпайды. Бұл мерзімде металл жылтырлығы үшін алтын мен күміс ғана жауап бермейді. Сонымен қоса, түсті металлик, айналы қаптау, голографиялық жалтырау болуы мүмкін.

Жаңартылған френч

Француз маникюрі – ешқашан сәннен шықпайтын классика. Алайда жаңа тенденциялар аздап өзгерістер әкеліп тұрады. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде глиттер "күлкіні" жұқалтыр (фольга) бөлігі ауыстырған.

А. Жапатова