Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Kazakhstan Fashion Week көктем-жаз 2013. I бөлім

Kazakhstan Fashion Week көктем-жаз 2013. I бөлім

Kazakhstan Fashion Week көктем-жаз 2013. I бөлім

24 қазан күні Алматыда қазақстандық Сән аптасы басталды. Бұл шара барысында өз туындыларын еліміздің танымал дизайнерлерімен қатар, өнер жолын енді бастаған дизайнерлер де көпшілікке таныстырды. 

Сондай-ақ Сән аптасы көрсетілімдеріне Франция мен Грузияның дизайнерлері де қатысты. KWF-тің бірініші күнінде Atelier Artisan, MakoMosi, Keti Chkhikvadze, Aigul’ Kassymova, Avtandil, Ulugbek Saliev, Fashion House Alima мен Georges Mac for Diamonds & Rock брендтері подиумға шықты.

ATELIER ARTISAN

Atelier Artisan бренді Алексей Чжен мен Саят Досыбаев дизайнерлерінің өнерін қосты. Екеуі ер киімдерінің топтамасын көпшіліктің назарына ұсынды. Топтама көктем-жаз маусымына арналғандықтан, киімдер көктемше жарқын түсті, ашық болды. Неон түсті костюм-шалбар, шорты, тіпті ерлерге арналған белдемшелер мен шұлықтар да болды. Көрсетілімге Қазақстандағы Men's Health журналының бас редакторы Андрей Мануйлов, әртіс Дәуіт Шайхисламов, Yan Ray, Роман Александров, Сәкен Жақсыбаев қатысты. Әйел коллекциясы ерлердікіне қарағанда ұстамды болды. Ақ қара түстер, кең силуэттер, металлик түстес кешкі көйлектер, жарқын түсті бірнеше көйлектер де болды.

 
 
 

MAKOMOSI

Жас дизайнер Малика Накан АҚШ-тағы Academy of Art-та оқып, Мариос Шваб есімді танымал лондондық модельерден тәжірибе алған. Ол өзінің тұңғыш коллекциясын осы KFW-та көпшілікке көрсетті. Топтамасының тақырыбы - байырғы замандағы шығыс мәдениеті. Қара, қола, қоңыр түсті органза, шифон, жібек, атлас маталары қолданылған. 

KETI CHKHIKVADZE (ГРУЗИЯ)

Грузиялық дизайнер Кети Чкхиквадзетің әлемдік сән сахнасына шыққалы көп уақыт өткен жоқ. Ол жақында париждік TRANOI көрсетіліміне шығып, Еуропа мен араб елдерінен тапсырыстарды көптеп алды. Кетидің айтуынша, ол ыңғайлы, әмбебап және сәнді киім тігеді. Оның көктем-жаз топтамасын классикалық және нәзік десе болады. Бұл жолы дизайнер өзінің сүйікті қара түсін қолданбай, ақ, алтын, металл түстерін таңдаған екен.

AIGUL’ KASSYMOVA (ҚАЗАҚСТАН)

Қазақстандық модельер пастель түсті жеңіл көйлектерден тұратын топтаманы ұсынды.

Жалғасы бар
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.kz
5080 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 қазан 2012, 12:02
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 12:04

жігіттер сән үлгісі ұнамады (((

+0
29 қазан 2012, 12:04

Көптеген жаңа дизайнерлердің есімі танылды деп ойлаймын.

+0
30 қазан 2012, 00:04

Бұйырса келесі жылы ер жігіттерде қысқы балақ мода болатын секілді ғой ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...