Сепкілден сұлулық іздеген фотограф

Сепкілден сұлулық іздеген фотограф

Қазіргі таңда көбі бетіндегі аз ғана дақтың өзінен ұялады. Оның үстін басып опамен бояп, ағартушы негіз қолданып жатады. "Егер сенің бетіңде сепкілдер болса, онда сені күн сүйеді" деп жатамыз.

Лос-Анджелестегі Рето Кадуфф деген фотограф сепкілдерді қатты ұнатады. Анығырақ айтқанда, секпілі бар қыздарды. Ол өзінің еңбек жылдарында көптеген қыздармен жұмыс жасады. Оларды бояндырып суретке түсіріп, фотошоп арқылы әрледі.

Бірақ ол өзінің соңғы шыққан "Сепкілдер" кітабында қыздардың беттеріндегі сепкілдерді өшірмеуді ұйғарды. Керісінше, секпілден сұлулық іздегісі келді. Сондықтан қыздарды қалай бар, сол күйінде шығарды. Оның ойынша, кей қыздарға сепкіл өте жарасады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

А. Әбілхан