Алматыда Louis Vuitton дүкені ашылды

Алматыда Louis Vuitton дүкені ашылды

Жаңа сауда және ойын-сауық орталығы Esentai Mall-да атақты Louis Vuitton-ның брендтік дүкені ашылды. Бұл Орта Азиядағы Louis Vuitton-ның алғашқы дүкені болмақ.

Дизайнер Питера Мариноның жобасы бойынша салынған дүкенінде әйел және ер киімі, сөмкелер мен аксессуарлар, танымал дизайнер Марк Джейкобстың туындылары бар. Бутикті қазақстандық суретші Алмагүл Менлінбаеваның The Global Entry жұмысы әшекейлеп тұр.

Дүкеннің салтанатты ашылу рәсіміне Louis Vuitton компаниясының президенті Ив Карсель, Патрик Луи-Виттон, Солтүстік Еуропадағы Louis Vuitton-ның президенті Роберто Эггз келді. Сондай-ақ бұл кеште дүкеннің тұсау кесерінде Fashion IQ сән агенттігінің басшылары Марина Долидзе мен Мария Лопатова, ресейлік Harper's Bazaar басылымының бас редакторы Даша Веледеева, Kazakhstan Fashion Week-ты бастаған Алексей Чжен болды.

Енді Алматылықтар да нағыз жоғары сәнге жақын болды

Louis Vuitton-ның президенті Ив Карсель

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.kz

С. А