Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Шашты химиялық жолмен түзеу

Шашты химиялық жолмен түзеу

Шашты химиялық жолмен түзеу

Құрбым, сіздің шашыңыз қандай? Түзу ме? Демек сіз шашыңыздың бұйра болғанын қалап жүрсіз. Ал табиғат бұйырған бұйра шаш та нәзік жандыларға жаққан емес. Өйткені олар да «шашым түп-түзу болғандай ғой, шіркін» деп керісінше ойлайды. Мұныма қарсы шығар қайсыңыз бар? Сол арман түні бойы көз ілдірмей не шаш түзегіш сатып алу үшін дүкенге жетектеп алып барады, не шашты ұзақ мерзімге түзету үшін сұлулық салонына сүйрейді. Әйтеуір сол арманыңыз жасарын жасатып, табан астында теңіз толқынындай майысып бұйраланып тұрған шашыңызды таси аққан өзен суындай қылып түзулетіп аласыз! Иә, сөз жоқ, егер шашыңыздың ұзындығы жақсы болса, оның түп-түзу болып сусылдап тұрғаны керемет! Түзу шаш адам өңін ашатындығына да бәстескім келмейді. Алайда, бәрінің «Бірағы» болады емес пе?

Шаш түзулеу сәні бұрыннан салтанат құрып тұр деп айта салу тағы қиын. Ата-анамыздың үйдегі жас кезіндегі суреттеріне зер салыңыздар. Ері де, әйелі де бұйра шаш қойып алған ғой. Бұйра шаштарды «қинап тұрып» түзетіп алу сәні осы беріде шықты. Ізін баға шашты ұзақ уақытқа түзету ісін де қолға алып кетті сұлулық ісінің мамандары.

Қалайша шаш өзінің түзу қалпын ұзақ мерзімге сақтап тұрады? Шашты түзету үшін оған арнайы химиялық қоспа дайындайды. Нәзік жандылар арасынан «Шаш түзету зиян ба?» деген сұрақтар жиі қойылады. Айтпаса да, түсінікті! Өйткені кез келген химиялық қоспасы бар дүние белгілі бір дәрежеде шашқа өз зардабын тигізіп үлгереді.

Бірақ шаш жақында ғана химиялық бояумен боялса, жиі түсетін болса, не сынғыш келсе, әрі әлсіз болса, ұзақ мерзімге шаш түзету үшін тәуекел етпеуге тырысыңыз! Өйткені онсыз да жағдайы нашар шашыңыздың халін тым төмендетіп жіберуіңіз әбден мүмкін. Егер қатты қажеттілік туып бара жатса: маңызды отырыстарға немесе кездесулерге бара жатсаңыз, шашыңызға қарапайым шаш үтіктейтін электрлі құралдарды пайдаланғаныңыз жөн.

Арнайы мамандар шашыңыздың жұмсақ әрі тегіс қалпын 2-3 айға созып береді. Неге одан ұзаққа кетсе, шаш өзінің түзу қалпынан айни береді? Өйткені сол уақыт аралығында шаштың түбірінен қайта майда шаштар өседі. Шашыңыздың бүлінгенін қайта қалпына келтіру үшін оны тағы да түзетуіңізге тура келеді.

Ол үшін қанша қаражат шығын болады? Бұл шаштың қалыңдығы мен ұзындығына байланысты.

Кейбір сұлулық салондарында химиялық қоспалардың көмегімен шаш түзетіп болған соң, артынша шашқа түрлі пайдалы қоспаларды жағып тұруға ұсыныс береді. Бұл қоспалар шашты әрі жұмсақ, әрі тегіс етіп тұрады. Сонымен қатар, түзетілген шаштың бүлінбеуі үшін де арнайы күтім ережелері жоқ емес.

Шашты химиялық түзету арқылы күн сайын шаш түзейтін үтікпен әуре болатын уақытыңызды үнемдейсіз әрі өз стиліңізді аз болса да өзгерте аласыз. Түзетілген шаш бассейнге түскенде немесе жаңбыр астында қалып қойғанда бүліне бастайды. Сондықтан шаш күтіміне назар аударуда еріншектікке жолы жоқ!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: tatyanka.info, vk.com

7209 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 16 қазан 2012, 15:00
Пікірлер
+0
16 қазан 2012, 14:04

Шашымды түзеткім келеді.... Ақпар аздау

+0
16 қазан 2012, 14:09

Иә, саған жарасады. Және қаралау түске боясаң...

+0
19 қазан 2012, 00:00

Айкон Н шашыңызды түзеткіңіз келсе, жақсы салонға, соның ішінде ол салондағы мастерлер таза әрі түпнұсқа шаш күтімі өнімін пайдаланғаныңызға көз жеткізгеніңіз жөн. Басымнан өткен келеңсіз оқиғамен бөліскім келеді. Шашым табиғи бұйра, бұйрасын кетіріп түзулеткім келді. Өткен жылы ноябрь айында шашымды түзулеттім. Салондағы мастер жақсы, тәжірбиелі болды. Тоқ етері, процедурадан кейін самай шашым, диаметрі 15см түсіп калды. Ойлап қараңыз, мендегі болған ашуды, ызаны, қалай журем, енді қайттім, шашым түсіп қалды, не істейм деген сан салалы ой мазалады. Химиялық түзеуден соң, басқа косметиканы пайдаланудың өзі қорқынышты болды. Анамның айтқан халық емінен де қорықтым, ал егер екеуі келіспей аллергия туса не істейм дегендей.
Ойық самаймен, орамалды басып киип 2 апта журдим уйден шыкпай.
Құрбы қызым маган, шашымнын ойыгын бояп коятын уақытша бояу мен шашты өсіретін күтім алып келіп берді. Сенесіз бе? шашым жылдам өсті, және ешкімнен қысылмай құйқамды бояп қойп жүрдім де. Ол құрбым қазір шетелге кетіп қалды. Ол бұл өнімдерді СТРОУБЕРРИНЕТ деген желі дүкенінен алдым деген.
қыздар СТРОУБЕРРИНЕТ туралы білсеңіз, бөлісуіңізді сұраймын!
Рақмет көп

+0
22 сәуір 2013, 23:44

Айман онын аты кандай?

+0
23 қазан 2012, 13:59

Шашыңыздың тусип калганы жаман болган екен, бірак дер кезінде шешім тауыпсыз.МОЛОДЕЦ!
Қыздар емес, мен сізге СТРОУБЕРРИНЕТ туралы айтайын. Озим визажистпін. Массагет сайтының Сымбат бөлімін суип окимын. Біздің қыздардың сулулыққа құштарлығы қуантады.
Визажист болган сон, сапалы косметика колданғанды қалаймын, жане косметика нагыз брендтан болганы ол менин фишкам. Осы STRAWBERRYNET интернет дукенінен заказ берип турам, алгашкы клиент болганым ушин таза бренд сыйлыгын алдым. озинин айлык, мерекелік, жане коп алганы ушин турли скидкалары бар. Ол супер! Заказдарымды интернеттен карап отырасын! есік алдына колына акелип табыстайды. Айман қарындас, дукен атын жазып сайтына кирип кориниз, бари тусиникти.
Шашын тузулеткиси келетин бикештерге кенес: Еге утиктен баска шешим жок деп тапсаңыз, арнайы қызудан құтқаатын, шашты иштей ылғалдандыратын спрей, мусс, кремдер бар, соларды қоса пайдаланган жон. Қыздың көркі - бұрым ғой шіркін қашанда. ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...