Әтір туралы сіз естіп жүрген 5 жалған тұжырым

Әтір туралы сіз естіп жүрген 5 жалған тұжырым

Сапалы әтір ұзақ сақталады

Бұл жалған ақпарат. Себебі, әтірдің ұзақ сақталмауы оның сапасыздығының дәлелі емес. Әтірдің құрамындағы кез-келген заттың ұшып кету жылдамдығы әртүрлі.  Егер парфюмер керемет жұпар жасап шығарып, бірақ, ол ұзақ сақталмайтын болса, яғни, оның құрамында көп жағдайда тез ұшып кететін заттардың болғаны. Бұдан тез ұшып кететін шедевр жұпарды сапасыз деп қабылдауға болмайды.

Егер әтірді білекке жақса, оның жоғарғы ноталары жоғалып кетеді

Сүйікті әтіріңізді еш қорықпастан білегіңізге жаға берсеңіз болады. Ол жұпардың құрамына әсер етпейді.

Одеколон ер адамдарға, әтір әйел адамдарға арналған

Одеколон мен әтір — бұлар бар болғаны түрлі концентрациялы иіс сулар, оларды ешқандай гендерлік ерекшелікке қарай ажыратудың қажеті жоқ.

Қымбат әтір сапалы келеді

Әтір өндірісінде сапа мен бағаның ешқандай байланысы жоқ. Оның қымбат болуы көп жағдайда жұпардың құтысы мен қорабы, сондай-ақ, жарнамаға кеткен қаржы мөлшеріне байланысты. Оның үстіне, дүкендердің қосатын бағасы да бар.

Көп мөлшерде себілген әтір ұзақ сақталады

Жоқ. Бұл кезде оның интенсивтілігі ғана артады. Ұшу жылдамдығына еш әсер етпейді.

А. Оралқызы