Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Жігіттер қандай макияжды ұнатпайды?

Жігіттер қандай макияжды ұнатпайды?

Жігіттер қандай макияжды ұнатпайды?

Біз сіздерге мінсіз макияж жасаудың қыр-сырын айтып өткен болатынбыз. Бірақ біз, қыздар кейде «артық қыламыз деп жүріп тыртық қылып алатынымыз» тағы бар. Бояу бар екен деп, оны үйлесімсіз, жарасымсыз жаға беруге әсте болмайды. Бояуды жағудың да өз сыры бар.

Боянып сыртқы ортаға шыққан соң, сіз жаныңыздағылардың көзіне түсесіз. Әсіресе, жігіттердің көзіне! Мойындау керек, жігіттер боянған қыздардың бәрін жақтыра бермейді. Ал кейбірі қыздардың қалай боянғанына қарап сын жасайды. Сын кейде іштей айтылса, кейде өзіміздің бетімізге да «басылып» жататынын жасырып қайтеміз?

Ал ендеше, артық бояуды өшіру үшін жігіттерден қандай макияж түрін жақтырмайтынын сұрап алайық!

Әлеуметтік желілердегі түрлі форумдар мен блогтарға көз жүгіртсек, жігіттердің пікірін біле аламыз.

  • Жасанды кірпіктер

Жігіттер Қыздардың табиғат берген сұлулығын қатты бағалайды. Сондықтан жасанды кірпік жалғап алған қыздардың жасанды сұлулығына онша таңдай қаға қоймайтыны жасырын емес.

  • Шектен тыс боялған және көзге бірден түсетін қара бояуы қанық қас

Әрине, өзіңіздің қасыңыз сирек болса, онда оны бояп пішінін көрсетіп қоюға болады. Тек қас бояуда да абай болғайсыз! Қанық түске бояп алған қасыңызбен сіз жігіттердің көзіне тек жағымсыз әсер қалдыра аласыз. 

  • Киім түсіне үйлеспейтін макияждар

Қыздар, егер сіздер үстіңіздегі киімге лайық бетіңізді әрлемей сыртқа шықсаңыз, онда сыртқы ортада өзіңізді қолайсыз сезінуге дайындай беріңіздер.

  • Қан қызыл далап

"Ерінімді шиедей қылам" деп жүріп шектен шығып кетпеңіз! Жігіттердің көп бөлігі қан қызыл түсті далап жаққан қыздарды жақтыра бермейді.

  • Көк түсті қабақ бояуы

Жігіттерге ұнамайтын бояулардың көшін осы бояу бастап тұр. Көбісі осы бояуды жағатын қыздардың маңына жолағысы келмейтінін айтады. Сондықтан, қыздар, бұл түстен барынша қашуға тырысыңыздар!

Мұндай кезде біздің арамыздан "Біз жігіттер үшін боянбаймыз" деп ұнамсыз бет әрлеуді жалғастыра беретін нәзік жандылардың шығарына күмәніміз жоқ. Сұлулықты бағалайтын жандар - жігіттер. Сұлу болып жүру әрбір қыздың міндеті десек, "Қате айттың" демеңіздер! 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: sun-tan.ru, tattooartists.ru, 1001makeup.ru

2917 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 02 қазан 2012, 13:30
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 13:37

жасанды кірпік қондырам ба деп жүрсем :D

+0
02 қазан 2012, 13:51

Өткенде патиге барарда вампир рөлі үшін жасанды кірпік жасатқам. Сосын жарайды, ақшаға жасатқан дүние ғой жүре тұрайын деп шештім. Бүгін шыдамай бәрін жұлып тастадым. Бетіңді отдуши жуа алмайсың. Айтпақшы сені келеді деп күткен ем.

+0
02 қазан 2012, 13:48

көрдің бе, "жігіттер үшін дейді" осыны "жігіт үшін" деп жалқы айтса да болатын еді. Бірақ қыздар өзіне бір емес, көөөөп жігіт қарағанын қалайды. Воот, табиғатынан сондай келеді. Менің ұққаным сол.

+0
03 қазан 2012, 10:57

Сенің қызың СӘНИЯ да сондай ма? :lol:

+0
03 қазан 2012, 12:38

:lol: :lol: :lol:

+0
02 қазан 2012, 13:49

Қондырмасанда өзіңе жарасып тұр ғой!

+0
02 қазан 2012, 14:01

кейде жігіттерді түсінбейсің, өздері анау мынау деп айтып алып, өздері өлтіріп боянып алған қыздардың қасында жүреді. вот так))

+0
02 қазан 2012, 14:21

шынымен де ))

+0
03 қазан 2012, 18:20

уоот, осыны айтайн деведім мен де

+0
02 қазан 2012, 14:04

اسجةقيعصتدش айтқан сөзінің жөні бар сияқты меніңше

+0
02 қазан 2012, 16:03

Жігіттер өз сүйгендеріне ғана көңілдері толады.

+0
02 қазан 2012, 22:25

Макиаж? ол не?

+0
03 қазан 2012, 10:04

бет әрлеу, бет бояуы

+0
03 қазан 2012, 11:16

Я за табиғи СҰЛУЛЫҚ! Жасанды сұлулық ҚҰРЫСЫН! :twisted:

+0
03 ақпан 2013, 22:16

осылардын біреуін болсада жағып,бойап кормеппін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...