Тренд: Милитари принтті күрте

Тренд: Милитари принтті күрте
Фото: vk.com

Алматыға сәуір келгенімен, кейде ақ жауын жауып, енді көйлек киіп құлпыра бастаған шаһар сұлуларын қайта жылы күртелеріне орады. Осындай құбылмалы ауа райы салтанат құрып тұрғанда денсаулықты бірінші орынға қойғанмен, ол сәннен мүлдем бас тарту керек дегенге келмейді. Оның үстіне, қыс мезгіліндей емес, көктемнің лебі ескенде әркімнің де әдемі болуға деген құлшынысы артады. Мұндай жағдайда жеңіл көйлектің үстінен көктемгі күрте киген өте ұтыпты шешім болары анық.

Сонымен, биылғы тренд қатарында бірден көзге басылатыны – милитари принтті, яғни, әскери стильдегі күрте.  Ол тек көктемде ғана емес, қыстың өзінде сәнге айналып үлгерді. Оған себепкер – әлемді аузына қаратқан жұлдыз Рианна. Киімдердегі әскери принт осы жағдайдан кейін сәнқой бикештер арасында тез белең алды.

Алайда, мұндай күртені таңдаған кезде өз өлшеміңізден сәл үлкендеуін таңдағаныңыз жөн. Себебі, ол қалың жемпірмен де, көйлекпен де, тіпті, туфли, етікпен де үйлесе береді.

Оны Valentino круиздік көрсетілімінде сән өндірісінің табынушылары назарына ұсынылған жеп-жеңіл жазғы көйлекпен де киюге болады. 

А. Оралқызы