Тренд: Шашақты белдемше

Тренд: Шашақты белдемше
Фото: vk.com

Өткен мақалаларда 2017 жылдың көктемі мен жазында сәнді болатын тренд бұйымдар мен киімдер, нақтырақ айтсақ,  50-ші жылдар стиліндегі көйлек, «Матрица» фильміндегі а-ля Тринити немесе «Бригада» сериалындағы басты кейіпкер Саша Белый стиліндегі Balenciaga, Emilio Pucci мен Courrèges топтамаларында көрсетілген көзәйнектер, балмұздақ түсті пальтолар туралы ақпараттар берген болатынбыз.

Алда келе жатқан шуақты күндерде шалбарлардың ішінде кең балақтылары сәнге айналса, белдемшелерді ішінде шашақты түрлері нағыз тренд болмақ. Шашақтылардың қатарында нақты Мария-Антуанетта заманындағы стилистика кең қолданысқа болмақ. Ондай белдемше таппағанның өзінде, испандық фламенко бишілерінің мақамындағылары жарап қалары сөзсіз. Маталардың ішінен жібек, джинс, мақтадан жасалған түрлері жарай береді. Биылғы сән апталықтары мен круиздік лукбуктердің барлығында осындай белдемшелер ұсынылды.

Жалпы, шашақтардың көп болуынан қорықпаңыз, тіпті, түсі де көзге бірден түсетін ашық, жадыраңқы болғаны жақсы.

А. Оралқызы