Даңқты дизайнер Кристиан Диордың тұтас ғұмыры туралы сыр шертетін көрме

Даңқты дизайнер Кристиан Диордың тұтас ғұмыры туралы сыр шертетін көрме
Фото: сән, көрме, Кристиан Диор, мерейтой

Christian Dior сән үйі үшін биылғы жыл екі мәрте мерейтойлы жыл болғалы отыр. Жер-жаһанға танымал сән сарайының негізін қалаушы Кристиан Диордың дүние есігін ашқанына 70 жыл толса, оның Гранвильдегі мұражайының ашылғанына 20 жыл екен. Аталмыш мұражайда осы мейрамдар құрметіне Christian Dior & Granville: The Source of the Legend аталатын көрме ашылды. Онда Кристиан Диордың  сәнге деген алғашқы қызығушылығын оятқан Les Rhumbs вилласында өткен балалық шағы туралы ақпараттар мен суреттер көрермен назарына ұсынылып отыр. Бұл ағылшын бағымен қоршалған алқызыл сарай туралы дизайнер өз естеліктерінде көп жазады. Алдағы күзге дейін жұмыс істеуді жоспарлап отырған көрмеде кутурьенің ғажайып туындыларымен қоса, оның бала кезінде отбасы тұрмысында қолданылған заттар да көрсетіледі.

Көрме өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихи атмосфераны сақтап қалған Les Rhumbs вилласының 3 қабатын алып тұр.  Бірінші қабаттағы бөлмелерде кішкентай Диордың жапон мәдениетіне тән экзотика мен рококо стиліндегі салтанат пен байлыққа деген алғашқы көзқарасын қалыптастырған дүниелер орналастырылған. Жас бала әкесінен кәсіпкерлікті үйренсе, ал бақтағы гүлдерден қиялдауды бойына сіңірген. Екінші қабатта Диор әулетінің әр мүшесінің жеке бөлмелері орналасқан. Ал, мансардта оның соңғы және маңызды жетістіктері туралы ақпарат беретін экспонаттар бар.

А. Оралқызы