Тренд: 50-ші жылдар стиліндегі көйлек

Тренд: 50-ші жылдар стиліндегі көйлек
Фото: vk.com

Осы көктем мен жаз мезгіліне арналған киім топтамаларының көпшілігінде өткенге оралу анық байқалады. Гардеробыңызды жаңартып, әдемі көйлектер алуды жоспарлап жүрсеңіз, 50-ші жылдардағы кинофильмдерге шолу жасап, өзіңізге бағдар алсаңыз болады. Нақты сол уақыттың картинасы болмаса, 2002 жылы жарық көрген «Сағат» фильміндегі Джулианна Мур кейіпкерінің киім үлгісіне мән беріңіз. 2017 жылдың жазында көшелер дәл осы үлгідегі көйлек киген бикештерге толы болады.

Мұндай көйлектерді әдетте қарапайым сандалдармен киген сәнді көрінеді. Басы ашық аяқ киімдерді көңіліңіз қаламаса, ақ түсті теннис кедаларымен де кисеңіз болады. Өзіңіз байқағандай, қазір классикалық түстегі кроссовкаларды көйлек немесе белдемшелермен үйлестіре беруге әбден болады. Жалпы, ретро стильдің қайта оралғаны өз ата-анамыздың жастық шағына қайтарып сол “көктемді” кештіреді.

А. Оралқызы