Капсула гардеробы деген не?

Капсула гардеробы деген не?
Фото: vk.com

Сәнқой арулар капсула гардеробы ұғымымен жақсы таныс. Бұл – киімді капсулаға бөліп, образ жасау, екінші сөзбен айтсақ, бір киімді әртүрлі киіммен үйлестіре отырып сатып алу. Бәріміз таңертең тұрғанда "не киемін?" деген сұрақпен бірге оянамыз. Капсула гардеробын жасап алсаңыз, киім таңдау оңайға түспек. 

Капсуланы бірнеше түрге жіктеуге болады: 

- жұмысқа;

- спортпен айналысқанға;

- демалысқа;

- түсі бойынша (ақ киімдер, қара киімдер, т.б.)

Осынау әр капсула түрлі аксессуармен толықтырылады. Көзілдірік, шарф сіздің бейнеңізді аша түседі. Бұл гардеробтың ерекшелігі – ол сіздің негізгі киіну стиліңіз болып саналады. Бұрын сатып алған киімдеріңізді лақтырып тастау алдында ойланыңыз. Бұл шалбарыңызға жарасатын жейде сатып алсаңыз, қалай болады? Ендеше, капсула гардеробын жасақтамаған болсаңыз, өз образыңызды таппай жүрсеңіз, "ештен кеш жақсы".

Егер капсула гардеробын жасақтауда түске мән берсеңіз, ол түсті қандай киім ашатынын зерттеп алыңыз. 

М. Оңғарова