Басқа таңғыш – осы жылдың ең сәнді аксессуары

Басқа таңғыш – осы жылдың ең сәнді аксессуары
Фото: www.lifehack.org

Бір айға созылатын сән апталықтары марафоны жуырда ғана аяқталғаны барша сәнсүйер қауымға мәлім. Барлық беделді сән үйі ұсынған жаңа топтамаларды сараптай келе, алдағы уақыттағы мастхэв, яғни, сәнді көріну үшін міндетті түрде алынуы тиіс заттардың тізімін жасау соншалық қиын шаруа емес.

Сондай трендтегі аксессуардың бірі – басқа таңғыш. Көпшілік үшін бұл “Тененбаум отбасы” атты картинаның кейіпкері теннис данышпаны Ричи Тененбаум сүйікті бұйымы ретінде танымал. Мұндай  сәнді headband кез келген бас киім немесе спорт дүкенінен табылары анық.

Уэс Андерсон түсірген  “Тененбаум отбасы” атты картинасында жиі көрсетілген аталған бұйым барша киім дизайнерінің шабытын оятса керек. Себебі, биылғы сән апталығында көрсетілген топтаманың көпшілігі спорттық басқа таңғышсыз өтпеді.   

Қаңтар айында өткен көрсетілімдерде, Fendi-ден  Louis Vuitton-ға дейін, барлық сән үйінің жаңа киімдері осы дүниесіз жұпыны көрінердей әсер қалдырды. Таңғыштың теннисші Ричидің образын еске түсіретін 80-ші жылдардағы нұсқасы көпішілікті өзіне ғашық етті.

Былғары күртеге адал рок бағытының табынушыларының өзі бұл трендке жақсы көзқарасын білдіріп үлгерді. 

А. Оралқызы