Moschino сән үйі қораптан тігілген киім үлгілерін көрсетті

Moschino сән үйі қораптан тігілген киім үлгілерін көрсетті
Фото: vk.com

Миландағы сән апталығында көрсетілген Moschino сән үйінің жаңа топтамасы өте қызықты өтті. Брендтің креативті директоры Джереми Скотт айтуынша, жаңа киім үлгілері «картонды кутюр» девизі шеңберінде өткен. Көрсетілімді танымал жас модель Кендалл Дженнер ашты. Топтамаға қарасаңыз құдды картон қорапшаларды скотчпен желімдеу арқылы жасалғандай.

Негізгі үлгілер Moschino сән үйінің ескі топтамалары туралы мақалалар жарияланған сән журналдарынан жасалғандай әсер беретін маталардан тігілген. Көрсетілім қызықты кешкі көйлектер үлгісімен аяқталды.

А. Оралқызы