Chanel №5 әтірі енді шығарылмайтын болды

Chanel №5 әтірі енді шығарылмайтын болды

XX ғасыр сән әлемінің көзіндей сақталып келе жатқан, Мэрилин Монро сынды белгілі сәнқой бикештердің визитті картасына айналған  Chanel №5 әтірі енді шығарылмайтын болды. Chanel компаниясы осындай шешім арқылы Франция үкіметін бопсаламақ.

Chanel №5 әтірінің бір флаконын алу үшін 1000-нан астам жасмин гүлі және 12 раушан гүлі керек. Ал, әтірдің құрамына қажет өсімдіктер мен гүлдерді компания Грас комуннасы аймағындағы далада өсіреді екен.

Қазір Chanel компаниясының гүл өсіретін даласына қауіп төніп тұр. Себебі, Франция үкіметінің инфрақұрылым жетілдіру жоспары бойынша аталған аймақта теміржол салынуы тиіс. Бұл маршрут жолаушыларға Марсельден Ниццаға тез жетуге мүмкіндік береді.

Сән үйінің өкілдері бұл жағдайды құптамайтынын осындай шешім арқылы көрсетіп, жоспардың өзгеруіне барынша әсер етпек.

А. Оралқызы