Жаз-күз стилі: Сафари

Жаз-күз стилі: Сафари
Фото: pinterest.com

«Сафари» сөзін естігенде көз алдыңызға не елестейді? Түрлі фильмдерден көрген джунгли, қызықты оқиға, саяхат, аңшылық секілді бейнелер қылаң беретіні сөзсіз. Сән әлеміне де еніп, классикаға айналған сафари стилі туралы бүгін сөз қозғамақпыз.

Сафари стилі маусым талғамайды. Стиль атауы суахили тілінен аударғанда «саяхат» деген мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын саяхатшылары Африканы аралау үшін жолға шығады. Қара құрлыққа келген соң, саяхатшылар ыстыққа шыдай алмайтындықтан, біртүсті, қарапайым, табиғи жеңіл матадан тігілген, қалташалары көп киім киюді жөн көреді.

Эрнест Хэмингуейдің Африка туралы жазбаларынан кейін туристердің сафари мәдениетіне деген қызығушылығы арта түседі. Америкалықтар мен еуропалықтар Африка даласынан қайтқан сайын мүйізтұмсық сүйектерінен жасалған алқалар мен экзотикалық маскалар әкеліп, Америка және Еуропа құрлығына жаңа леп әкеледі.

Сән әлеміндегі  сафари стилі спорттық, күнделікті және әскери стильге ортақ. Бұл түсті колонияға арналған киімдермен шатастырады. Негізінен, бұл стиль африкалық аңшыларға тән болған, ал колония стилі Үндіқытай әскеріне тән.

Табиғи түс. Күнге күйдіретін түсті киімдерді Африка даласында киіп жүру мүмкін емес. Стильдің түсі табиғаттан алынған: тас пен топырақ түсі, ақшыл сарғыш, хаки, ақшыл сұр, қоңыр, ашық қоңыр, батпақ түстес, зәйтүн түстес.

Артық детальдарсыз. Ұзақ уақыттан кейін сафари стилінде артық детальдарға орын жоқ еді, яғни ешқандай оюсыз, принтсіз болатын, ал қазіргі дизайнерлер леопард, зебра, жираф принттерімен әсемдеуді жөн көрді.

Г. Берік