Жаз-күз сәні 2016: күлгін түс

Жаз-күз сәні 2016: күлгін түс
Фото: modnyjgarderob.ru

Күлгін түсті киімдер көзге үйреншікті болмаса да, өз ерекшелігі бар. Бұл түс салтанатты кештерде адамды өзгелерден ерекшелей алады деген түсінік қалыптасқан. Бірақ, сәнгерлер күлгін түсті киімдерді күнделікті киюге болатынын дәлелдегілері келеді. Тек өзге түсті киімдермен сәйкестендіре алсаңыз болғаны.

Күлгін – жаз-көктем маусымының басты түсі. Оны басқа түстермен үйлесетініне бүгін көз жеткіземіз. Күлгін түс көбіне ашық түстермен жақсы үйлеседі. Негізгі киіміңізді күлгін, ал қосымша аксессуарларды ашық түстен таңдасаңыз болады.

Ақ. Ақпен үндеспейтін түс жоқ, сірә. Ақ және күлгін түстердің қосындысы романтикалық және іскерлік образдарды аша түседі.

Пастельді түс. Пастельді қызғылт және көк түстер аксессуарлар үшін маңызды.

Сары. Өте ашық әрі көзге бірден түседі. Күлгін түске шамадан тыс сары түсті қосып жіберсеңіз, сәніңізді құртып аласыз. Белдік, білезік, жүзік не ободоктарды сары түстен таңдаған дұрыс.

Ашық кілегей түс. Қою күлгін түсті ашық кілегей түспен «жұмсарта» түседі.

Ал образыңызда қою түстер негізгі түс болса, аксессуарларыңыз күлгін түсті болғаны дұрыс.

– Қара. Қара мен күлгіннің араласуы салтанатты кештерге және кеңсе стиліне тән. Мысалы, кешке арналған күлгін көйлекті қара жакетпен немесе керісінше киген абзал.

– Қою көк. Қара шашты қыздарға қою көк және күлгін түстердің үйлесімділігі жарасады. Бұл екі түстің қосындысы оларға нәзіктік сыйлайды.

– Кофе түсті қоңыр. Күзгі маусымға арналған «жылы» түс.

Г. Берік