Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Коко Шанельдің ойлары

Коко Шанельдің ойлары

Коко Шанельдің ойлары

Классика жасағым келеді...

"Chanel" сән үйінің іргетасын қалаған атақты француз дизайнері, сәнгер Коко (Габриель) Шанельдің ойлары әдемі киініп, жақсы өмір сүруге талпынған әр адамға арналады. 

  • Мен сәнмен айналыспаймын, сән деген - мына мен. 
  • Өз еркіңнің қожайыны, ар-намысыңның құлы бол.
  • Ұсқынсыз әйел болмайды, еріншек әйел болады. 
  • Сізді әлдебір әйелдің сұлулығы ерекше таңғалдырғанымен, оның үстіне не кигенін есіңізге түсіре алмасаңыз, ол керемет киінген... 
  • Мен бүкіл әлем әйелдері үшін киім тігіп шығардым, ал олар келіп жалаңаш жүруге тырысады. 
  • Кедейлік - салтанатқа қарама-қайшы емес.
  • Барлық әйел сұлу болып тумайды, ал 30 жасқа дейін әдеміленбесе, оның жәй ғана ақымақ болғаны.

Коко Шанель

  • Көйлектен әйелді іздеңіз. Егер әйелді таппасаңыз, көйлектің де болмағаны.
  • Қыз жолы болмаған сайын әдемі болуға тырысуы керек.
  • Әрбір қыз әрдайым нені және кімді қалайтынын біліп жүруі тиіс. 
  • Мен адамдарды ақшаны ұстауларына қарап бағалаймын. Ақша - мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел. 
  • Өзіңе деген күтім жүректен басталуы керек. Олай болмаған жағдайда, ешқандай косметика көмектесе алмайды. 

"Сіз түнде не киесіз?" деген сұраққа атақты Мэрилин Монро "Нөмір 5-Шанельден аздап себемін" деп жауап берген екен"

  • Әдемі көйлек ілгіште тұрғанда әдемі көрінуі мүмкін, бірақ бұл ештеңені шешпейді. Көйлектің қандай екенін әйелдің үстінде тұрғанда, ол қолы мен аяғын қимылдатып, бөксесін айналдырғанда ғана айтуға болады. 
  • Иіс су әйел туралы оның жазуынан да көп мағлұмат бере алады. 
  • Сәннің көшеге шыққанына сүйінемін, ал сәннің көшеден келуіне жол бермеймін. 
  • Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді. 
  • Шанель — сән емес, Шанель деген — стиль.

 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: the100.ru, rosdutyfree.ru, bisquit-mag.ru

5862 1
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 04 қыркүйек 2012, 15:17
Пікірлер
+0
04 қыркүйек 2012, 15:44

Шанель легенда ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...