Сән-2016: Басы үшкір туфли

Сән-2016: Басы үшкір туфли
Фото: cosmo.ru

Басы үшкір туфли (туфли-лодочки) — әрбір сәнқой бойжеткеннің негізгі гардеробында кезедесетін аяқ киімнің бірі. Оның ерекшелігі сол – әмбебап туфли. Оны сабаққа, жұмысқа және қонаққа барғанда да киюге болады.

2016 жылы "өзіндік ерекшелігі" бар аяқ киімдер терндте. Бұл тренд басы үшкір аяқ киімдерге де келді. Басы үшкір туфлидің барынша ерекше үлгілері сәнге айналды. Алайда егер сәнді тәжірибелерге дайын болмасаңыз, басы үшкір туфлидің қызықты өрнегі бар немесе ашық түсті түрін таңдауды ұсынамыз. 

Басы үшкір туфли таңдауда бірінші кезекте оның жылан терісінен жасалған үлгісіне мән беріңіз. Екінші кезекте қарапайым айқын түсті немесе нәзік түсті түрін көріңіз. Басы үшкір туфлидің бірнеше түстерді немесе бірнеше материал түрін үйлестірген үлгілері де танымалдыққа ие.

Басы үшкір туфли — кез келген жағдайда киюге болатын аяқ киім. Сондықтан оны ақ футболка мен джинс шалбарынан бастап, кешкі көйлектермен де батыл кие беріңіз. Күндіз оны casual-үлгіге қосыңыз. Мысалы, жазғы жеңіл жейдемен және skinny джинс шалбарымен үйлестіруге болады.

Басы үшкір туфлиді сатып аларда бірнеше рет киіп және ұзақ жүріп қана таңдаңыз. Себебі, оның аяғыңызға ыңғайлы түрін табу қиынға соғуы мүмкін. 

А. Жапатова