Көзілдірік - сәнді аксессуар

Көзілдірік - сәнді аксессуар

Көзі жөнді көрмейтін адам сәнді көзілдірік таққанда ғана көзінің көрмейтіні үшін қуанады

Әзіл

Көзіңіздің көрмейтіні үшін мұңаюдың қажеті жоқ. Өйткені, бүгінде көзілдірік сәнқой ханшайымдардың тастамай тағатын бұйымына айналып үлгерді. Көзі жақсы көретіндер де бұндай көзілдіріктерді сән үшін тағатын болып жүр...

Көзілдірігіңіз сәнді бұйым секілді қабылдансын десеңіз, мына кеңестер сіз үшін: 

1. Көзілдірік жиектемесін дұрыс таңдаңыз.

2. Жиектеме түсі неғұрлым ашық болса, макияждың соғұрлым жеңіл болғаны дұрыс. 

3. Көзілдірік таңдағанда бет пішініне ерекше назар аударылу керек. Бетіңіз сопақ болса, кез келген пішіндегі көзілдірікті таңдай беріңіз. Жиектеменің жоғарғы бөлігі қасыңыздың пішініне сай болуы керек. Бетіңіз үшбұрышты болса, жиегі төртбұрышты көзілдірік киген жөн. Күнде киіп жүретін болған соң, көзілдірік жиектемесінің салмағы ауыр болмағаны дұрыс. 

Енді жиектеме түсіне тоқталайық. Аққұба қыздарға көгілдір, көк, жасыл түстер жарасса, қараторы қыздарға күміс тсті, алтын түсті жиектемелер үйлеседі. Түсті таңдағанда, жалпы стиліңіз де есіңізде болсын.

Барлық жағдайда бірдей киетін көзілдірік жоқ деуге болады. Кафеге барғанда киіп баратын көзілдірікті кеңседе киюге кеңес бермес едік. Мерекелік кештерге киетін көзілдірік мамандығыңызға байланысты киетін көзілдірігіңізбен сәйкес дей аламыз. Ал достарыңызбен кездесуде, би кештерінде өзіңізді нағыз ханшайым ретінде көрсете аласыз. Бұл кездерде еркін стильдегі көзілдіріктер киген киімдеріңізбен жараспақ. 

Көзілдірік алыстан жақсы көретін көзді үлкейтіп, жақыннан жақсы көретін көзді кішірейтеді. Егер жақыннан көрмесеңіз, жеңіл макияж жасап жүріңіз. 

Түрлі мамандық иелерінің өздеріне тән дресс-кодтары бар. Банк қызметкері мен университет оқытушысы қатаң классикалық стильде киінеді. Олар артық аксессуарларды жұмыста таға бермейді. Классикалық стильде киініп тұрған соң, сәнді көзілдірік емес, кәдімгі қарапайым көзілдірік кигеніңіз жөн. Сондай-ақ, жас мөлшеріне байланысты да таңдағаныңыз дұрыс. 

Өзіңізге үйлесетін көзілдірік кисеңіз, ажарыңыз ашыла түспек.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ladyda.ru, tula.rodgor.ru

М. Оңғарова