Жұлдыздар қандай татуировкалар жасатады? (Жалғасы)

Жұлдыздар қандай татуировкалар жасатады? (Жалғасы)

Жазулар, оюлар, белгілер мен таңбалар – жұлдыздардың күтілген денелерінде татулардың небір түрі бар. Кейбір татулардың негізінде терең ой жатса, кейбірі жай сән үшін, алайда әрбір татудың өз айтары  бар болады. Кейде оның мағынасын қарапайым біз сияқтыларға түсінуге жазбаған және құпиясын да ашуға жұлдыздар құлықты емес.

Жұлдыздардың татуировкасын біраз бұрын талқылаған едік. Басқа да жұлдыздардың қызықты да, әдемі татуировкалар сырын тағы ашып көрейік.

Виктория Бекхэм

Бекхэм ханымда татуировканың бірнеше түрі бар. Бірінші, белінде бейнеленген бес сегізқырлы жұлдыз оны, күйеуі және үш ұлын білдіреді (бәлкім жақында пайда болған қызын суреттеуге әлі үлгермесе керек). Екінші, иврит тілінде «Мен сүйгеніме берілгенмін, ал сүйгенім - маған» деген мағыналы жазу Виктория ханымның мойынын сәндеп тұр. Айта кетсек, мұндай жазу Дэвид Бекхэмде де бар. Және де сол жақ білегінде сүйікті күйеуінің иницалдары мен сол баяғы ивритте жазылған «Мәңгілік біргеміз» деген жазу бар. Лайым солай бола берсін.

Линдси Лохан

Голливудтың ең сотқар актрисасы Линдси Лохан да татуировка жасатуға құмар. Актрисаның сол қолында «Өкінішсіз өмір сүр» және «Әрбір жұлдыз жарқырауға құқылы» деген жазулар бар. Қосымша тату-штрихтарының ішінде сұқ саусағына жазылған shhh.... деген жазу, білегінде кішкентай жұлдыз және breathe (демал) деген қолындағы жазу. Соңғысын актриса демікпемен қатты ауырғаннан кейін ақ тушьпен салған екен. Соңғы сұхбаттарында бұл оның ең сүйікті татуировкасы екенін айтқан.

Кристина Риччи

Кристина Риччидің денесінде 8 татуировка бар деген әңгіме жүр. Алайда көзге түсетіні тек екеу. Актрисаның оң иығында арыстан бейнеленген. Бәлкім бұл татиуровка актрисаның «Арыстандай айбатты» болуға ынталандыратын ойы болса керек. Ал аяғында су перісі бейнеленген, бір қарағанда өз иесіне ұқсайды да.

Мелани Гриффит

Татуировкаларына қарағанда Мелани Гриффит — романтикалық әйел. Сүйген күйеуінің атын жүректің ішіне жазып, иығына ен етуге екінің бірі бара бермейді ғой. Алайда актрисаның өмірлік жолдасы Антонио Бандерас үшін өмірлік қағидасынан бас тартатындар баршылық. Сүйіктісінің атынан басқа, актрисаның мойынын Amor, яғни Махаббат деген сөз көркемдеп тұр.

Анджелина Джоли

Үстінде қанша татуировка бар екенін актриса Анджелина Джоли өзі нақты айта алмайтын шығар. Денесінде ең алғашқты тату 14 жасында пайда болғаны белгілі. Джоли — бірегей әйел екенін оның татуировкалары да айтып тұр. Олардың ішінде - Quod me nutrit me destruit («Мені не азықтандырады, сол мені күйретеді») деген жазуы бар жамбасындағы крест және қолында бірнеше символдар мен иероглифтар бейнеленген. Беліндегі айбатты жолбарыс Джолидің ерекше мақтан тұтарлық татуировкасы. Айтпақшы, кейбір татуировкаларын актриса өшіріп тастаған, ал кейбірін – жаңа татуировкалармен жасырған (мысалы, экс-ғашығы Билли Бобтың есімін алты баласының туылған жерлерінің географиялық координаттары басып кеткен).

Пенелопа Крус

Пенелопа Крус оң тобығына «883» деген татуировка жасатқанда ол Том Крузбен кездесіп жүрген еді. Бұл нені білдіреді екен деп көптеген адамдар қызыққан болатын. Жанкүйерлері мен журналистер бұл сандарды сайентологиямен байланыстырды, әлде Харлей Девидсонның мотоциклдеріне қатысы бар ма екен деген де болжам болды. Бірақ Пенелопа бұл болжамдардың ешқайсын растамады, жай ғана бұл оның жеке басына арналған тату және мағынасы да өзіне ғана мәлім болып қалмақ деп жауап берді. Бәлкім, актриса нумерологиямен әуестенетін шығар, ол да жақсы, саентологияға қарағанда...

Джессика Альба

Джессика Альба да тату-індетінен аман қалмаған екен. Әрі соңғы татуларының бірі – отбасы үшін қастерлі тату. Әңгіме оның мойнындағы қызыл қоңыз бен әсел жайлы. Актрисаның айтуы бойынша, анасы, әпкесі және өзі бұл татуировканы бір күнде жасатқан екен, тәжірибеліктің бірігу символы іспеттес. Сонымен қатар, арқасының астыңғы жағында тартымды бантик тәріздес тату бар.

Суреттер: woman.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina