Обамаға сыйланған тұмардың авторларын Германияға шақырды

Обамаға сыйланған тұмардың авторларын Германияға шақырды

Оралдық "Women Art Дизайн" дизайнерлік тобы Дрездендегі көрмеге қатысуға шақырылды. Айта кетелік, бұл ұжым ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ президенті Барак Обамаға сыйлаған тұмарын дайындағаннан кейін танымал болған еді.

в

Шығармашылық ұжымның бірге жұмыс жасап келе жатқанына 12 жылдай уақыт болыпты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаевтың айтуынша, бұл өнерпаздар әлемнің көп елінде танымал. "Ал Германиядағы көрме Батыс Қазақстанды әлемге жарнамалаудың тағы бір жақсы мүмкіндігі", - деді орынбасар.

"Кәсіпорынның барлық мүшесі жоғары білімді азаматтар. Олардың барлығы өз өздерін осы салада тапқан дарынды жандар. Сіздердің жұмыстарыңыз офистердің сәнін келтіріп, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Англия, Германия, Италия, Канада секілді мемлекет басшыларының жұмыс орнына әдемілік сыйлап тұр", - деді шеберлерді Германияға шығарып салу үшін арнайы келген Ғұмар Дүйсенбаев.

"Women Art Дизайнның" басшыларының бірі Раиса Алексеева көрмеге Қазақстан мен Германияның дипломатиялық өкілдіктерінің мүшелері қонақ болатындығын айтты. "Көрменің коммерциялық жағы да бар. Осы тұрғыда екі жаққа да пайдалы келісімге келеміз деп ойлаймын", деді Алексеева.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gorodnakarte.kz