Басты тренд: Көктем-жаз

Басты тренд: Көктем-жаз
Фото: fotokto.ru

Көктем мен жаз мезгілінде қандай киімдер тренде болатыны бәрімізді қызықтырады. Сәннің соңынан қуып кетпесек те, өз стилімізді сақтай отырып, сән әлемінің жаңалықтарына құлақ аса отырғанымыз артық болмас.

Қос түсті көйлек

Қазақ қыздарына қос етек көйлек тән дейтін едік, биылғы сәнге қос түсті көйлек енді. Түсі мен үлгісінің үйлесімділігі сіздің батылдығыңыз бен қиялыңызға байланысты.

Көлемді нәрселер

Жеңі үріліп, үлкен боп тұратын кеудешелер осы маусымның басты сәнінде.

Бөлшектерге мән беру

Сәнгерлер елеусіз аксессуарларға назар аудартуды шешті. Ерекше белдік, үлкен темір шынжыр, жейдеде бант тағып алсаңыз, нағыз сәнді бикеш боп шыға келесіз.

Шілтер және ашықтық

Осы жылы шифоннан жасалған, ішкі жағы көрініп тұратын, шілтер киімдер сән әлемін басып алды. 

Ашық иық

Ағымдағы маусымның басты трендетерінің бірі ашық иық болмақ. Кеудешелердің аспабауы (иық) жіңішке, свитердің ойығы болуы басты назарда.

Ерекше принттер

Енді әдеттегі бұршақ, тор, жолақ, көбелек, гүлді принттерден бөлек, өзгеден өзгеше принтті киім трендте. 

Алқызыл түс

Ашық түс ешқашан сәннен қалмайды. Алқызыл түс әйел затына нәзіктік пен тартымдылық сыйлайтыны ешкімге таңсық емес. Сондықтан шалбар, белдемше, көйлектердің барлығы ашық алқызыл түсті болғаны трендте.

@. @assel_assanova