Саяхатқа аса қажет 5 киім

Саяхатқа аса қажет 5 киім

Саяхатқа шығарда чемодан жинау қандай керемет әсер десеңші! Әлем картасында бізді күтіп тұрған жүздеген жерлер бар. Арманымыздағы саяхатқа қандай киімдерді міндетті түрде салып алу керек? Кеңестерге назар аударыңыз.

1. Күздік кеудеше
Иә-иә. Жазғы гардероб тек жеңіл киімдерден тұрады деп ойламаңыз. Ауа райы сіздің көңіл-күйіңіз сияқты құбылмалы. Егер күндіз күнге күйіп жатсаңыз, кешкісін желкенді қайықпен желге қарсы жүйткуіңіз мүмкін немесе жаңбыр да айтып жаумайды.

2. Су киімі
Бірнешеу болса тіптен жақсы. Демалыста жүз пайызға босаңсып кетпеңіз. Бет әлпетіңізге, киген киімдеріңізге аса назар аударыңыз. Сондықтан түстері, фасондары әртүрлі екі су киімін алып алыңыз. Жағажайда көпшіліктің назары сізде болсын.

3. Тельняшка
Немесе теңіз стиліндегі жеңіл киім алыңыз. Көк-ақ жолақты киім әрдайым сәнді көрінеді әрі төзімді келеді. Сонымен қатар жолақты футболкалар боксеркалар немесе поло джинсамен, белдемшемен және жазғы гардеробтың кез келген киімімен жақсы жарасады.

4. Қысқа белдемше
Тізеге дейін белдемше де болады. Қарындаш-белдемше болса тіпті жақсы. Футболкамен кигенде спорттық стиль ретінде көрінеді. Ал белдемшені жейдемен киіп алып, жергілікті деликатестен ауыз тию үшін мейрамханаға да барсаңыз болады.

5. Джинс
Оларсыз қайда? Кез келген елде демалыс үшін ең ыңғайлы, ең төзімді бұйым. Егер джинс маталарына қарсы болсаңыз, жеңіл шалбар таңдап алыңыз.

Сурет: kotofot.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina