10 минутта сәнді клатч жасау. Видео

10 минутта сәнді клатч жасау. Видео

Әдемі клатч кез келген күнделікті бейнені салтанатты етіп жібермек. Бұл аксессуар әсіресе біртүсті киімдермен жақсы көрінеді. Қазіргі таңда түрлі-түсті нұсқалардың ішінде жолақты клатчтар сәнде. Және мұндай клатчты тіпті қолдан жасауға да болады. 

Ол үшін сізге біртүсті клатч, скотч (егер жолақтардың енін әртүрлі етіп жасағыңыз келсе, жалпақ және жіңішке скотч алыңыз) және аэрозоль-бояу (баллончиктер саны клатчыңызда қанша түс пайдаланатыныңызға байланысты). Әрі қарай нұсқаулықтарды орындаңыз:

  • Скотчты клатчқа жабыстырыңыз. Скотчтың жалпақтығы мен жабыстырылған ленталардың ара-қашықтығы клатчыңыздағы жолақтардың жуандығына байланысты. Кеңес: ілгек боялып кетпес үшін оны да скотчпен жабыстырып қойыңыз. Жолақтар түзу шығу үшін скотч клатчқа мықтап жабысуы керек.
  • Егер екі түсті жолақ жасамақшы болсаңыз, клатчыңызды аэрозоль-бояумен бояй берсеңіз болады. Бояу үстіңізге немесе жан-жағыңыздағы заттарға тиіп кетпесін десеңіз, жұмысты далада, не ашық жерде жасаған жөн.
  • Егер бірнеше түс қолданбақ болсаңыз, клатчты біртіндеп бояу керек: бірінші түстің жолағы болатын жерден басқа жердің бәріне скотчты жабыстырыңыз. Жағылған бояу кепкен соң сол жерді пленкамен орап (басқа түс жағылып кетпес үшін), екінші түспен боялатын жерден скотчты алып тастаңыз.
  • Бояу кепкен соң, скотчтарды ақырындап алып тастаңыз. Сәнді аксессуар дайын! Бұл іске бар-жоғы 10-ақ минут кетеді.

Сурет: 4shopping.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina