Тимати «#Давайдосвиданья» сән үлгісін жасамақшы

Тимати «#Давайдосвиданья» сән үлгісін жасамақшы

Көпшілікке Тимати лақап атымен белгілі Тимур Юнусов «#Давайдосвиданья» тауар белгісін тіркеуге өтініш білдіріпті. Бірнеше айлардан кейін Ресейде осы брендтің киімдері пайда болмақ.

«Күзде біздің жаңа брендтің тауарлары пайда болады. Бұл жастар киім үлгісі, көше стилі, Тимати стиліндегі киімдер болмақ», - деп хабарлады танымал рэпердің директоры Павел Курьянов.

«#Давайдосвиданья» лейбілінің киімдерін орташа ауқатты жастар тұтына алатын болады.

Жаңа бренд сонымен қатар аяқ-киім, бас киім, чемодандар, қолшатырлар, сағаттар, зергерлік бұйымдар, теріден жасалған бұйымдар мен қамшы да жасап шығармақшы.

Сонымен қатар рэпер «#Давайдосвиданья» лейблін жарнама жасауға, тәлім-тәрбие құралы ретінде, білім беру, көңіл көтеру, спорттық және мәдени ойын-сауықтық бағдарламалар жасауға пайдалана алады.

«Давай, до свидания!» фразасы 2011 жылдың қарашасында пайда болған Әзербайжандық ағайындылардың мейханасынан (жергілікті айтыс өнері) танымал болып кетті. Олардың айтысы жазылған роликті Интернетте 5 миллионға жуық адам тамашалаған.

Осы жылы Тимати Филипп Киркоровпен жанжалдасып қалғаннан кейін, «Давай, до свидания!» фразасын қолдана отырып, әншіге арнап өз нұсқасын жасап шығарған.

Сурет: interviewrussia.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina