Ағаштан жасалған аяқ киімдер сәнге айналмақ

Ағаштан жасалған аяқ киімдер сәнге айналмақ
Фото: novate.ru

Ағаштан жасалған аяқ киімдер ебедейсіз, аяққа ыңғайсыз саналады. Алайда фин дизайнері Марита Хууринайнен ағаштан жасаған аяқ киімдерін сәннің соңғы үлгісіне айналдырмақ.

Фин дизайнері жасап шыққан айрықша аяқ киімдер көпшіліктің көңілінен шығуда. Әсіресе ағаштан жасалған аяқ киімдерге еуропалықтар ерекше қызығуда екен. Аяқ киімдердің дизайны теңіз толқыны секілді жасалған. Биік өкшелілері де бар. Көпшілігі жаздық аяқ киімдер.

Марита Хууринайнен айрықша аяқ киімдерін «Wave» деп отыр. Оның айтуынша ағаштан жасалған аяқ киімдер аяққа қолайлы ғана емес, ұзақ уақытқа шыдайтын да көрінеді. Себебі, ол өз аяқ киімдерін берік ағаштардан жасайды екен.

Ө. Сансызбай