Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Қымбат әшекей құнын жоғалтпасын десеңіз...

Қымбат әшекей құнын жоғалтпасын десеңіз...

Қымбат әшекей құнын жоғалтпасын десеңіз...

Уақыт өте кез келген әшекей өзінің әсемдігінен аз болса да айрылып, сапасы кете бастауы мүмкін. Адам денесінде ұзақ уақыт жүрген алқа, сақина, сырға сынды әшекейлердің бетіне май мен терінің өлі жасушалары жиналады. Бұл сіздің асыл бұйымдарыңыздың көмескі тартып, қараюны әкеп соқтырады.

Қымбат әшекейлеріңіздің арасын толтырып тұратын асыл бұйымдарыңызды сізге аса қымбат жандар сыйлауы мүмкін. Немесе сіз оны өте қымбат бағаға сатып алдыңыз делік. Қаншама қаражаттың бетіне су құйып сатып алған бұйымыңыздың қарайып кетуі сізді қынжылтпай қоймас. Сондықтан да оларды шамаңыз келгенше арнайы күтіммен таза ұстауға тырысыңыз. Онымен қоса сырға, сақиналардағы майда көзді моншақтар не бағалы тастар сынып қалуы мүмкін. Қысқыштары да істен шығып қалмауын қадағалау керексіз. Сондықтан оларды тек тазалаумен ғана шектелмей жыл сайын зергерлерге көрсетіп тұрудан қашпағаныңыз жөн.

Әшекей бұйымдарды сатып алғанда өз қорабында сақтаңыз. Қорап ішінде жұмсақ жастықшаның болғаны дұрыс. Әшекейлеріңіз бірін-бірі тырнамауы үшін бір қорапқа бірнешеуін қатар салып қоюдан қашыңыз.

Әшекей бұйымдарды қай кездерде тағудың қажетттілігі жоқ?

-          ұйықтар кезде;

-          спортпен шұғылданатын кезде;

-          жуынатын кезде;

Әшекей бұйымдарды қалай тазалауға болады?

-          жылы сабынды сумен;

-          қант қосылған таза сумен;

-          мүсәтір спирті мен этил спиртінің ерітінділерімен;

-          этил спиртімен;

-          арнайы әшекей тазалайтын майлармен,

-          әшекей бұйымдарын тазалауға арналған сұйықтықтармен;

-          тіс ұнтағы ерітіндісімен;

Бірақ бұйымдарды тек айына бір рет қана тазаласаңыз да жеткілікті! Одан артық тазалауға болмайды. Себебі құрамында химикаттар мен сынап, күкірт, йод, хлор сияқты реактивті заттары бар тазалағыш сұйықтықтарды шамадан асыра пайдалану әшекей бұйымдардың түсін өзгертеді.

Алтыннан жасалынған бұйымдарыңыз қарая бастаса, оны  15-20 минуттай жылы сабынды суда ұстаңыз да, кәдімгі тіс щеткасымен тазалаңыз.

Күміс бұйымдарды тазалау үшін 2 -3 сағаттай туралған картобы бар суға батырып қоясыз. Сондай-ақ ас содасы қосылған суға батырылған күміс тез арада жарқырап шыға келеді (1 литр суға 50 грамм ас содасы).

Қара дақтары бар күміс бұйымдарды мүсәтір ертіндісімен тазаласа болады (1 литр суға 1 ас қасық спирт).

Гаухар тас, лағыл секілді құнды әшекейлерді тазалағанда аса ұқыптылық керек. Ондай бұйымдарды жаңа тіс щеткасы мен ыдыс жууға раналған сұйықтық арқылы тазаласаңыз болады. Тек қана жылы сумен!

Опал не изумруд тастары да ерекше ептілікті қажет етеді, себебі олар сынғыш және өте нәзік болып келеді. Оларды тазалағанда су немесе басқа да сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Мұндай бұйымдарды не ерекше ептілікпен, не арнайы майлармен ғана тазартыңыз. Ал өзіңізге сенімді болмасаңыз, бұл жұмысты арнайы зергерлерге тапсырғаныңыз дұрыс!

Қымбат жақындарыңыздан алған құнды заттардың құны жоғалғанын қалмасаңыз, оларға аса күтіммен қарағаныңыз жөн!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vk.com

4567 10
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 тамыз 2012, 17:46
Пікірлер
+0
08 тамыз 2012, 17:19

мен алтынымды ломбардқа өткізіп жібердім :( :( :(

+0
08 тамыз 2012, 17:21

Мен де өткізгем бір-екі рет, қысылтаяң кезде кәдімгідей көмекші. "Әшекей алсаң, алтын ал" дейді мамам, рас сөз. Алтын - құтқарушы ;)

+0
08 тамыз 2012, 17:23

дұрыс айтады екен сондай қысылтаяң сәтте таптырмас құтқарушы. тегін банк кредиті дерлік

+0
08 тамыз 2012, 17:24

әрі пайызы да көп емес :)

+0
08 тамыз 2012, 17:26

ия ия азғантай ақшаны бөліп бөліп беруге де болады деп ломбардты реклама қылып кет 8-) кен ба

+0
08 тамыз 2012, 17:38

келесі жолы алтындарды ломбардқа өткізу туралы жазу керек болды ғой :D

+0
08 тамыз 2012, 21:59

Әңгіме ломбардқа көшіп кетіпті ғой))) Меніңше, қанша қысылсаң да ломбартқа өткізбеген жөн. Қанша керек болып қиналсам да, ломбартқа жоламадым. Кеісінше бұл да Алланың қалауы шығар деп барар жерге бармай-ақ, көргім келгенді көрмей-ақ қоюшы едім. Ломбард та бір наркотик секілді, бір өткізіп көрген адамға ол әдет болып кетеді)) :D

+0
11 тамыз 2012, 19:25

я, шышында наркотик сияқты болады, ақша керек кезде алтынын өткізуді әдетке айналырып алады. негізі өткізбей ақ қойған дұрыс қой))))

+0
08 тамыз 2012, 22:18

күміс тазалағыш арнайы ерітінді бар менде, ал алтынды оқып алдым, рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...