Жеңсіз пальтоны қандай киімдермен үйлестіреміз?

Жеңсіз пальтоны қандай киімдермен үйлестіреміз?
Фото: hochu.ua

Жеңсіз пальто бір қарағанда қарапайым жилет болып көрінуі мүмкін. Алайда оның қалың матасы мен өзге детальдары алдануға мүмкіндік бермейді. Оны күз және қыс маусымдарына кие беруіңізге болады.

Күз-қыс топтамаларында олар белгілі бір детальдарына қатысты өзгерді. Сәнқой қыздар классикалық үлгідегі түрлерін көбірек таңдай бастады. Енді олар жеңсіз пиджактарға көбірек ұқсайды.

Сәннен бейхабар адамдардың өздері Burberry мойынорағышын бірден таниды. Ол өте қарапайым, ал шақпақтарының түстері бір-бірімен жақсы үйлеседі. Burberry ресми түрде 1924 жылы таныстырылды. Бастапқыда шақпақ принтті мата киімнің астары ретінде пайдаланылған. Шақпақтары қара, қызыл, ақ, құм сынды түстерден құралған. Тренчпен бірге тағылатын Burberry мойынорағышын Томас Барберри ойлап тапқан болатын. Ол бірінші дүниежүзілік соғыста кеңінен таралған. Алғашында сарбаздарға арналса да, кейіннен қарапайым тұрғындар да оны пайдалана бастайды.

Сарбаздардың ұзындығы тізеге дейін жететін пальтосының астары шақпақ принтті матадан тігілген. Осылайша әскери адамдар мен қарапайым тұрғындардың арасында кеңінен танылған. Халық оны жылы жамылғыға ұқсатып, көрген кезде үйдің жылуын еске түсірген. Осы уақытқа дейін сәннен шықпауының бір себебі осы болса керек.

Ол уақытта Англияда Сомерсет Моэм, Артур Конан Дойль, Редьярд Киплинг, Бернард Шоу, Уинстон Черчилль, Марлен Дитрих, Джейн Фонду, Рональд Рейган, Диана ханшайым, Eлизавета патшайым мен Чарльз ханзада шақпақты құптап, оның сәнге айналуына белгілі бір дәрежеде өз әсерін тигізді. Оның кең таралуына жағдай жасады. Жоғарыда айтқанымыздай, бұған дейін ол тек тренчтің астары ретінде ғана жұмсалған.

Балғары шалбар – қыздар гардеробындағы ең стильді заттардың бірі. Алайда оларды ақылмен таңдаған жөн. Әйтпесе байкерге немесе байкердің қызына ұқсауыңыз да ғажап емес.

Былғары шалбар денеге жабысып тұрады. Яғни аяғымыздың бар артықшылығы мен кемшілігін айқындай түседі. Егер аяғыңыз түзу әрі ұзын болса, оны қорықпастан киіңіз.

Түйме, қалта, белдік сынды қосымша детальдары бар түрлерін етегі қысқа жемпірмен немесе туникамен киюіңізге болады.

Егер былғары шалбар мен ақ кеудешені үйлестіріп, сыртынан жеңсіз пальто киіп алсаңыз, аяғыңыздың артықшылығын көрсетіп әрі өзіңіздің батыл адам екеніңізді танытар едіңіз.

Ал сіз жеңсіз пальтоны немен үйлестіресіз?

Қ. Бүйенбай