Ақ джинсы мен...

Ақ джинсы мен...

Ақ джинсы әркімнің гардеробында болуға тиіс заттардың бірі. Жаз кезінде ақ шалбарды шешпей жүретінімізді есепке алсақ, оны қалай, қандай киіммен кию керектігі жайлы ақпаратпен таныс болыңыздар.

Романтикалық

Ақ джинсыны нәзік пастель түстерімен кисеңіз, осындай романтикалық, нәзік бейнеге қол жеткізе аласыз. Ақ түсті шалбар одан әрі кіршіксіз болып көрінеді. Тым "түссіз" болып қалмас үшін, бір жарқын түсті аксессуарды таңдаңыз.

Көңілді

Түстермен ойнап көріңіз. Аппақ шалбарға түсті аксессуарлар, аяқ-киім немесе макияж жарасуы тиіс. Бұндай кейіп әлбетте сіздің де, өзгелердің де көңілін көтермек.

Күнделікті


Ақ джинсыны спорттық аяқ-киіммен және деним күртешесімен кисеңіз, нағыз сәнқой атанарсыз. Осындай киіммен күнделікті қалаған жеріңізге баруға болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А