Күзгі сән – 2015. Бомбер күртесі

Күзгі сән – 2015. Бомбер күртесі
Фото: blogspot.com

Бомбер – су өткізбейтін матадан тігілген, сыдырма ілгекті күрте. Жел өткізбеу мақсатында бел жағына резеңке тігілген. Классикалық үлгілер қара жасыл немесе көк, астары сарғыш түсті етіп жасалған.

Биыл дизайнерлер спорт, романтика, классика стиліндегі бомберлер ұсынды. Егер бастапқыда бомбер тек ұшқыштардың киімі болса, біраздан кейін ерлер гардеробының элементіне айналды. Содан соң ғана қыз-келіншектерге де тігіле бастады.

Қазір бомберді тек былғарыдан емес, табиғи жүн, мақта, күдері мен нейлоннан тігеді. 

Бомбер күртесін қандай киіммен үйлестіруге болады?

Бомбер мен джинс шалбары

Бұл − күнделікті стильдегі образ. Бомбер күртесі мен джинс шалбарын киетін болсаңыз, кеда, оксфорд, сникерс, слипер аяқ киімдерімен үйлестіруіңізге болады.

Бомбер мен қысқа шалбар

Бұл образ кеңседе жұмыс істейтін қыз-келіншектерге лайық. Әрі ыңғайлы, әрі сәнді бомбер мен қысқа шалбарды кеңсеге, серуенге, кешкі шараға киіп баруыңызға болады.

Бомбер мен көйлек

Бомберді классикалық көйлекпен киюге болады. Егер образды нәзік еткіңіз келсе, гүл не шілтер принтті бомбермен үйлестіріңіз.

Бомбер мен белдемше

Бомбер, қарындаш белдемшесі мен туфли киіп, стрит стайл образын жасауыңызға болады.

Ал сіз бомберді қандай киіммен үйлестіресіз?

Ф. Абилова